Перейти к содержимому
Главная страница » Қонаевта масаға қарсы шаралардың екінші кезеңі өтіп жатыр

Қонаевта масаға қарсы шаралардың екінші кезеңі өтіп жатыр

10 мамырдан бастап Алматы облысының орталығында анафелогенді су айдындарын өңдеудің екінші кезеңі басталды. Өңдеу таңертең ерте, қолайлы ауа-райында жасалады. Бұл жұмыс 60 су айдынында жүргізіледі, нәтижесінде 70 га жер қамтылады.

Кейін, 10 күн ішінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары су айдындарына мониторинг жүргізеді. Масалардың көп шоғырланғаны анықталса, 20-30 күннен кейін өңдеудің 3 кезеңі өтеді.

«Біздің мамандар тек су айдындарын, әкімдік қала аумағын, ал пәтер иелері кооперативі көпқабатты үйлердің жертөлесін өңдейді», – деді Қонаев қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Лариса Ролдугина.

Айта кетейік, биыл ауа райының қолайлы болуына байланысты масаға қарсы өңдеу сәуір айынан басталды. Бұл бұрынғы жылдармен салыстырғанда ертерек басталып отыр.

Alatau News