Перейти к содержимому
Басты бет / Таза Қазақстан / Таза Қазақстан – таза қала, жарқын болашақ!

Таза Қазақстан – таза қала, жарқын болашақ!

52 қаралым

Алатау қаласында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кезекті тазалық және абаттандыру шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – қала тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, көгалдандыру жұмыстарын жандандыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Игі бастамаға қала әкімдігінің қызметкерлері, қала белсенділері мен еріктілер қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты.

Тазалық жұмыстары барысында қала аумағына ағаш көшеттері отырғызылып, ойын алаңдары мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылды. Сондай-ақ ағаштардың артық бұтақтары кесіліп, айналаға үйілген қураған жапырақтар жиналды. Аумақтарды ретке келтіру және қаланың көркін арттыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды.

Осындай игі шаралар – туған қалаға деген жанашырлық пен азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі. Тазалық сақтау тек бір күндік науқан емес, әрбір тұрғынның күнделікті дағдысына айналуы тиіс.

«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны қорғауға ғана емес, қоғамның бірлігі мен ортақ жауапкершілігін нығайтуға бағытталған маңызды бастама.

Таза қала – баршамызға ортақ құндылық. Ал оның көркеюіне үлес қосу – әр азаматтың міндеті!

Тазалық өзімізден басталады!

Толқын ОДАШҚЫЗЫ

Алатау қаласы

↑