Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Кітап оқитын ұлт – рухани кемелденген ұрпақ

Кітап оқитын ұлт – рухани кемелденген ұрпақ

47 қаралым

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Кітап оқитын ұлт» жобасы – қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, өскелең ұрпақтың рухани дамуына жол ашатын маңызды бастама. Жобаның басты мақсаты – халық арасында кітап оқуды насихаттау, жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру және білімді ұлт қалыптастыру. Осы игі бастаманы қолдай отырып, Желтораңғы ауылдық кітапханасы да кітап оқу марафонынан қалыс қалмай, оқырмандарын ортақ мақсатқа жұмылдыруда.

Кітап оқу – адамның ой-өрісін кеңейтіп, таным көкжиегін арттыратын рухани құндылық. Осы мақсатта кітапхана оқырмандары мен жас оқырмандар кітап оқу марафонына белсене қатысып, өздерінің оқуға деген қызығушылықтарын танытуда.

Марафонға кітапхана оқырмандарымен қатар жастар жетекшісі Ләззат Жаңабекқызы да қатысып, қазіргі таңда төртінші кітапты оқып жатыр. Бұл – кітап оқуға деген ынта мен ізденістің, рухани дамуға деген құлшыныстың жарқын көрінісі.

Кітап оқудан Желтораңғы ауылдық кітапханасы да көштен қалып жатқан жоқ. Кітапханамыздың оқырмандары марафон аясында әр кітапты қызығушылықпен оқып, алған әсерлерімен бөлісіп, оқуға деген ынталарын арттыруда.

Бүгінгі кітап оқитын ұрпақ – ертеңгі білімді де саналы қоғамның негізі. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, жастарды әдебиетке баулу – кітапхананың басты міндеттерінің бірі.

Кітап оқуды бірге жалғастырайық! Оқитын ұлт болу – ортақ мақсатымыз!

 Гүлнар ТУКЕЕВА,

Желтораңғы ауылдық

кітапханасының кітапханашысы

Балқаш ауданы

↑