Перейти к содержимому
Главная страница » Күш құрылымдары қызметкерлері арасында марафон өтті

Күш құрылымдары қызметкерлері арасында марафон өтті

Қонаев қаласының облыс орталығы болғанына 1 жыл толуына орай күш құрылымдарының қызметкерлері арасында 50 шақырымға жүгіруден марафон өтті.

Жарысқа жылдам қимылдайтын арнайы жасақ және «Арлан» ПД-ның арнайы мақсаттағы бөлімшесінің қызметкерлері, сондай-ақ Алматы облысының Десанттық-шабуылдау бригадасы, арнайы операциялар қызметінің жауынгерлері және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Бүркіт» бөлімшесі қатысты.

Марафонға қатысушылар естелік сыйлықтармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Alatau News