-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Қапшағай жағасында ерекше күтімді қажет ететін балаларға жазғы лагерь ашылды

    19.06.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Демография, Денсаулық, Мәдениет, Өңір тынысы, Спорт, Экономика
    Қапшағай жағасында ерекше күтімді қажет ететін балаларға жазғы лагерь ашылды

    Фото: "Балдәурен" оқу-сауықтыру кешені

    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    Алматы облысында Қапшағай көлінің жағасында орналасқан «Балдәурен» оқу-сауықтыру кешенінде ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған «All Ability Camp» спорт лагері алғаш рет өз жұмысын бастады. Салтанатты түрде ашылған жазғы лагердің бір маусымы 5 күнге созылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әр маусымда 50 бала мен 50 ата-ана және арнайы келген 50 ерікті қамтылады. Жазғы лагерь 4 маусым жұмыс істейді деп жоспарланып отыр.

    Ерекше күтімді қажет ететін жалпы саны 200 баланың сауықтыру демалысын ұйымдастыруға «Самұрық-Қазына» қоры 53 миллион теңге қаражат бөлген. Балалардың және олардың ата-аналарының жол шығындары, жатын орны мен 5 мезгіл тамағы қарастырылған. Оған қоса спорт жаттықтырушылары мен арт-терапия мамандары да тартылған. Әрі ата-аналармен жеке жұмыс істейтін психолог мамандар да бар.

    Мұнда «ДЦП life» қоғамдық қорында оңалту шараларынан өтіп жүрген балалар мен «Самұрық-Қазына» қорына кіретін «Самұрық-Энерго», «ҚазМұнайГаз», «Қазпошта», «Қазақтелеком» сынды бірқатар мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлердің ерекше қажеттіліктері бар балалары арнайы шақыртумен келген. Лагерьдің ерекшелігі сол, жоғарыда айтып өткеніміздей демалыс тек балаларға ғана емес, ата-аналарға да арналған. Тіпті, лагерьге келу үшін жұмыстан босатылған ата-анаға «қызметтік іссапар үшін» деп қосымша қаржы да төленген көрінеді.

    Фото: “Балдәурен” оқу-сауықтыру кешені

    Фото: “Балдәурен” оқу-сауықтыру кешені

    Баян Мұратбекқызы,
    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Бумеранг

    Бумеранг

    1 year ago
    Рух пен жігер жеңісі

    Рух пен жігер жеңісі

    9 months ago
    Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдама бекітілді

    Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдама бекітілді

    2 months ago
    Түрлі этнос өкілдері поэзиядан бақ сынады

    Түрлі этнос өкілдері поэзиядан бақ сынады

    7 months ago
    Алматы облысында экологиялық саясаттың іске асырылуы

    Алматы облысында экологиялық саясаттың іске асырылуы

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.