-13 °c
Qonaev
Wednesday, June 25, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Қонаевта шарлар фестивалі демеушілер қаржысына өтетін болды

    23.06.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Мереке, Өңір тынысы, Туризм және саяхат, Экономика
    Қонаевта әуе шарлары фестивалі өтеді
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Қонаев қаласында биыл жазда туристер тарту мақсатында «Konaev International Ballon Festival» (KIBF) өтеді. Алматы облыстық туризм басқармасының хабарлауынша, халықаралық фестиваль шілденің 29 және 30-ы күндеріне жоспарланып отыр.

    Ауқымды фестиваль ойын-сауық және танымдық бағытта өткізіледі. Оған өңірден, сондай-ақ шетелдерден туристер келеді деп күтіліп отыр. Екі күндік шараның бағдарламасы тартымды етіп ұйымдастырылмақ. Атап айтқанда, онда фотоаймақтар, шеберлер жәрмеңкесі ұйымдастырылып, театр, цирк әртістері түрлі қойылымдар қояды, спорт жарыстары, концерттер өтеді.

    Фестивальдің танымдық мәнін арттыру үшін түрлі мастер-кластар өткізіледі. Шара аясында телескоп және басқа да аспан денелерін бақылау аспаптары бар жұлдызды «қалашық» құрылады. Оның жұмысына астрономия мамандары шақырылады, олар қонақтарды аспан денелерін қалай бақылауды үйретеді және қызықты пікір алмасу болады.

    Фестивальдің ең тартымды тұсы әлемнің түрлі елінен әкелінген әуе шарларын ұшыру болайын деп тұр. Қонақтар олардың ұшырылуын қызықтап қана қоймай, нұсқаушының көмегімен шарларға отырып серуен де құра алады. Алматы облысының өзінде екі миллионға тарта халық тұратынын ескерсек, фестиваль ең алдымен тұрғындардың өздерін қызықтырады деген үміт бар.

    Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, әуелде бұл жобаға мемлекеттік бюджеттен 183 млн теңге бөлу жоспарланған. Әйтсе де «Мың бояулы аспан» халықаралық шар фестивалі коммерциялық жоба ретінде жергілікті демеушілер мен кәсіпкерлік құрылымдармен келісім жасау арқылы өткізілетін болып, қайта мақұлданды.
    Фестиваль Қонаев қаласының ірі іс-шаралар мен отбасылық мерекелерді өткізетін орын ретіндегі имиджін қалыптастырады және Алматы облысында түрлі іс-шараларға құрылған туризмді ілгерілетудің маңызды құрамдас бөлігі саналады. Ол облыстың және республиканың туризмі мен экономикасын дамытуға септесу мақсатында өткізілейін деп отыр.

    Оқиға мен түрлі іс-шараларға құрылған туризм – әлемде кең танылған және Қазақстанда дамып келе жатқан туристік қызметтің келешегі бар бағыты. Ол басқа туристік қызмет түрлерінің ішінде интерактивтілігімен, яғни іс-шараға адамдардың көп бөлігін тартумен, эмоционалдылығымен және тақырыптық әртүрлілігімен ерекшеленеді. Өйткені, Алматы облысы ішкі және шетелден келетін туристер саны бойынша республикада алдыңғы орында.

    «Мың бояулы аспан» – азаматтардың бірлігі мен отбасылық құндылықтарды бірінші орынға қоятын фестиваль болмақ. Фестивальда аспанға алып шарлар мен батпырауықтарды ұшыру жоспарланған.

    Tags: "Мың бояулы аспан"шарлар фестивалі

    Ұсынымдар

    Батысқа арнайы техникалар жөнелтілді

    Батысқа арнайы техникалар жөнелтілді

    1 year ago
    Мемлекеттік тілдің қолданыс аясы кеңейтілмек

    Өзіңді өзің жаттай сыйла…

    12 months ago
    Есімдері әуежайға берілсе

    Есімдері әуежайға берілсе

    1 year ago
    Бумеранг

    Бумеранг

    1 year ago
    Баққожа Мұқайдың алғашқы пьесасы Нарынқолда қойылған

    Баққожа Мұқайдың алғашқы пьесасы Нарынқолда қойылған

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>