Алматы облысында көпірден секірмек болған жігітті құтқарушылар аман алып қалды.
Оқиға сағат 12:30 шамасында Талғар ауданы, Қызылқайрат ауылының маңындағы автожолда болған. 1990 жылы туған ер адам тас жолдағы көпірден секіруге бел буған. Оқиға орнына дереу Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары мен техникасы жөнелтілді.
“Құтқарушылар сағат 12:45-те оқиға орнына жеткенде ол жерде полиция қызметкерлері ер адамды сөзге тартып тұр екен. Келіссөздер оң нәтиже беріп, ер адам көпірдің тіреуішінен бері қарай өтті. Оған еш қауіп төнген жоқ”, – деп хабарлады Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Куәгерлердің айтуынша, ер адам қызымен ұрсысып қалғандықтан көпірден секірмек болған.