Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасарларын, бірнеше министрлікке басшы тағайындады. Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Жұманғарин мен Тамара Дүйсенова Қазақстан Премьер-министрдің орынбасарлары болып тағайындалды, олар бұрынғы атқарған қызметтерінен босатылды.
Марат Ахметжанов Ішкі істер министрі лауазымынан босатылып, орнына Ержан Сапарбекұлы Сәденов тағайындалды.
Қайта құрылымдалған Мәдениет және ақпарат министрлігінің басшылығына Аида Балаева тағайындалса, жаңадан құрылған Көлік министрлігіне басшы болып Марат Қарабаев келді.
Бұған дейін Тамара Дүйсенова басқарған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Светлана Жақыпова басшылыққа келді. Ал Туризм және спорт министрі болып Ермек Мыржықпаев тағайындалды.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Шаққалиев Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындалды.