-13 °c
Qonaev
Sunday, May 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Білім-ғылым

    Муза сарайы салынса…

    05.09.2023
    in Білім-ғылым, Идеология, Мәдениет, Өңір тынысы, Руханият, Тарих
    Муза сарайы салынса…
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    Мұражай,музей (грек тілінен аударғанда – муза сарайы) – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, мәдени құндылықтарды, тағы басқа мұраларды сақтап, олардың ғылыми-танымдық қызметін атқаратын орын. Олар мынадай бірнеше топқа бөлінеді: тарихи, өлкетану, көркемөнер, жаратылыстану, техникалық, мемориалды және кешенді мұражай деп аталады.

    Осы мұражайлар арқылы жас ұрпақ өткен замандағы бабаларының тұрмыс-тіршілігін біліп отырады. Біздің елде алғашқы мұражай 1925
    жылы «Өлкелік мұражай» болып ашылып, 1929 жылы Алматы қаласына көшіріліп, 1985 жылы жаңа
    мұражай ғимараты салынған. Оның қорында Қазақстанның ежелгі дәуірінен бастап қазіргі күнге дейінгі терең тарихи сыр шертетін 200 мыңнан астам жәдігерлік бұйым жинақталған.
    Кейінгі жылдары барлық облыс орталықтарында мұражайлар ашылып, көпшілік баратын орынға айналған. Өлкетану мұражайларын ашуды қазір
    кейбір аудандар қолға алуда. Осындай
    өлкетану мұражайын ашу біздің, яғни,Райымбек ауданында кезек күттірмейтін мәселесі деп ойлаймын.

    Райымбек ауданы тарихының ке￾йінгі ұрпаққа берері көп. Атап айтар
    болсақ, мұражайға 1916 жылғы Қарқара көтерілісі, оның басшылары Жәмеңке мен Ұзақ батыр және сол көтеріліске қатысқан аудан адамдарының
    суреттері мен өмірбаяндары, 1937
    жылғы репрессияға ілініп, жазықсыз
    сотталғандар, Екінші дүниежүзілік
    соғысқа қатысқандар және елге аман-есен оралып, шаруашылықта, тағы
    басқа жерлерде жұмыс істегендер,
    аудандағы Социалистік Еңбек Ері
    атағын алған үш ардагер мен орденді
    азаматтардың аты-жөні жазылып,
    суреттерімен мұражайға қойылса, нұр
    үстіне нұр болар еді. Ауданымыз егін
    және мал шаруашылығымен айналысқандықтан алғашқы ұжымдастыру
    жылдарында құрылған ұжымшарлар,
    олардың басшылары, сол жылдардағы
    аудан басшылары жайлы мәліметтер
    және озат шабандар мен озат механизаторлар, егістікпен айналысқан еңбек
    адамдары жайлы мәліметтер аудан
    мұражайында болса қандай керемет?! Біздің ауданымыздан көптеген
    оқымыстылар, ақын-жазушылар мен
    әлем чемпиондары шыққан. Спортшылар және қой қырқудан КСРО-ның
    чемпионы болған сарыбастаулық
    Тауарханның суреттері мұражайдан
    орын алғаны дұрыс. Сонымен қатар,
    мұражайда ауданымыздағы ұстаздар
    жайлы арнаулы бөлім болғаны жөн
    болар еді. Біз айтып отырған оқымыстылар мен еңбек және спорт әлемінің
    танымал адамдарының бәрі – осы ұстаздардан тәлім алғандар. Бұдан
    басқа да тарихта қалар тұлғалар өте
    көп. Осы айтылғандарды кейінгі
    жастар мен мектеп оқушылары естігені болмаса, көрген емес. Өзіміздің
    бабаларымыз пайдаланған ұлттық
    заттарымызбен өлкеміздің байлықтарын кейінгі ұрпаққа таныстырып,
    барынша көрсетіп отыру – аға буын
    өкілдері мен қазіргі басшылардың
    назарында болуы керек.

    Осындай пайдалы, тәрбиелік мәні
    бар жұмыстарды іске асырудың жалғасы ретінде ауданымызда бір өлкетану мұражайының болғаны дұрыс. Осы
    мәселені аудан басшылығы келешекте
    іске асырса, жөн болар еді. Мұражай
    ауданымызда жоқ емес, бар. Мәселен,
    Қарасаздағы Мұқағали Мақатаевтың
    мұражайы мен Сарыбастау ауылындағы кезінде ұжымшар басшысы болған
    Социалистік Еңбек Ері Нүсіпбек
    Әшімбаев пен Шалкөде орта мектебінің директоры болып істеген
    Жүнісхан Құлмұқанбетовтің мектеп
    ішінен ашқан мұражайын айтуға болады. Аталған муза сарайларының келер
    ұрпаққа берер өнегесі мен қалдырған
    мұра ретінде алар орны ерекше.

    Беркін Әкебаев,
    Райымбек ауданының
    Құрметті азаматы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында 242 мың адам декларация тапсырды

    Алматы облысында 242 мың адам декларация тапсырды

    9 months ago
    Газет сөзі – мың күндік

    Газет сөзі – мың күндік

    11 months ago
    Қонаевта 3000 адам қатысқан Наурыз-керуен жүріп өтті

    Қонаевта 3000 адам қатысқан Наурыз-керуен жүріп өтті

    1 year ago
    Табиғатты аяла!

    Табиғатты аяла!

    1 month ago
    Президенттің Қытайға сапарында ондаған құжатқа қол қойылды

    Президенттің Қытайға сапарында ондаған құжатқа қол қойылды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.