Қазақстанда 15 қараша күні ұлттық валюта – теңгенің айналымға енгізілгеніне 30 жыл толуына орай Ұлттық Банк (ҰБ) Қазақстан қаржыгерлерінің XI Конгресінде ұлттық валюта банкноталарының жаңа сериясын таныстырды. Қазақстан Ұлттық Банкі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа банкноттар сериясы дайын болған кезде айналымға енеді. Номиналы 5 000 теңгелік жаңа дизайн үлгісіндегі алғашқы банкноттар осы жылдың соңына дейін қолданысқа шығады.
Халықаралық тәжірибе бойынша, банкноттардың дизайны жалған ақша жасауға жол бермеу және оның алдын алу үшін жетілдірілген қорғаныш қабілетін енгізу мақсатында кезең-кезеңімен жаңартылып отырады. Қолдан қолға өтетін Осы орайда, еліміздің мәдени құндылықтары мен тарихын насихаттау өте маңызды.
Сонымен қатар, жаңа банкноттар төлемнің барлық түрі бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында номиналды құнына байланысты қабылданады. Сондай-ақ, оларды еліміздің барлық банкі арқылы банктегі шоттарға аударуға, айырбастауға және ұсақтауға болады.
Банкноталарды келесідей тәртіппен айналымға енгізіліп, айырбасталады:
Жаңа дизайндағы банкноттар шығарылғаннан кейін алдыңғы үлгідегі банкноттаар айналымнан біртіндеп алына бастайды.
Ұлттық Банк ескі және жаңа үлгідегі банкноттардың айналымда қатар жүру мерзімін 1 жыл деп белгілейді, ол қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін.
Айналымда қатар жүретін кезеңде ескі және жаңа банкноттар заңды төлем құралы болып қала береді және төлемдер мен аударым кезінде қабылдануға міндетті. Олар Ұлттық Банктің, «Қазпошта» АҚ мен ЕДБ барлық филиалдарында шектеусіз мөлшерде айырбасталады және ұсақталады.
Айналымда қатар жүру мерзімі аяқталған соң барлық банктер мен «Қазпошта» АҚ ескі үлгідегі банкноттарды жаңа үлгідегі банкноттарға – 3 жыл ішінде, ал Ұлттық Банктің филиалдары – мерзімсіз айырбастай береді.
Банкноттардың айналымда параллель жүру мерзімі мен тәртібі туралы ақпарат қосымша жарияланады.