Алматы облысында 60 мыңнан астам адам қызылшаға қарсы егілді, оның алты мыңы 6 айдан 1 жасқа дейінгі балалар.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өңірде қараша айынан бері қызылшаға қарсы жаппай иммундау жүріп жатыр. Жаппай иммундаудан 6 айдан 1 жасқа дейінгі балалар және 2 жастан 5 жасқа дейінгі балалар мен медицина қызметкерлері өтті.
«Алматы облысында 60 мыңнан астам адам қызылшаға қарсы егілді, оның алты мыңы 6 айдан 1 жасқа дейінгі балалар», – деп атап өтті департаменттен.
Алматы облысында 2 мың адамның қызылша жұқтырғаны зертханалық жолмен расталған. Қызылшамен ауырғандар Қарасай, Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле аудандарында тұрады. Оның басым бөлігі 5 жасқа дейінгі балалар арасында (71 пайыз) анықталған.