-13 °c
Qonaev
Monday, May 12, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Білім-ғылым

    Айрықша кітап орталығы ашылды

    05.12.2023
    in Білім-ғылым
    Айрықша кітап орталығы ашылды
    0
    SHARES
    31
    VIEWS

    Қарасай ауданының орталығы Қаскелеңде «Кітап-AMANAT» кітап орталығы ашылды. Оған Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым, партияның облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев және зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері мен оқырмандар қатысты.

    Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен біліміне, ұлттық мүддеге сай келетін кітаптар басып шығаруға ерекше назар аударған болатын. Ол кітап шығару ісі идеологиялық жұмыстың басты бағыттарының бірі екенін атап өтті.

    Осылайша, «AMANAT» партиясының әдебиетке деген қызығушылықты арттыру, адамдарды кітап оқуға ынталандыру, отандық кітап шығарушыларды қолдауға бағытталған «Кітап-AMANAT» жобасы Қаскелеңде кезекті кітап орталығын ашты.

    Партияның Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев орталықтың бүгінде 2 мыңға тарта кітап қоры бар екенін айтты.

    «Бұған дейін 80 мыңнан аса тұрғыны бар Қаскелең қаласында бірде-бір кітап дүкені болмаған. Ал бүгін 2 мыңға жуық кітап қоры бар айрықша үлгідегі орталық ашылды. Кітаптар барынша арзан бағада сатылады. Қазақша кітаптың түр-түрін кездестіруге болады. Бұл жоба Қазақстандағы қазіргі заман авторларының шығармаларын ғана емес, жалпы отандық әдебиетімізді ілгерілетуге бағытталған», – деді Қуат Байғоджаев.

    Ал халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, жазушы-публицист Жұмабай Шаштайұлының айтуынша, қоғамда кітап оқитын оқырман бар, тек насихат жеткіліксіз.

    «Үлкен қалаларда сатылымда бар кітаптар шалғай аймақтағы елді мекендердің дүкен сөрелеріне жетпей жатады. Көп жағдайда қандай кітаптардың жарыққа шығып жатқаны туралы оқырман білмей де қалады. Ал «Кітап-AMANAT» жобасы отандық әдебиетті қолдау бағытындағы маңызды қадам. Оқырмандар үшін көркем шығармалар, балалар әдебиеті, оқулықтар мен әдістемеліктер, ғылым мен бизнес, проза мен поэзия, психология туралы туындылар көпшілік назарына ұсынылған. Сондықтан, мұндай форматтағы орталық көпшіліктің кітапқа деген қызығушылығын арттырады», – дейді жазушы.

    Кітап орталығына алғашқылардың бірі болып бас сұққан Мәди Сайдильдин есімді оқырман мұндағы қонақжай пейілдің өзіне қатты ұнағанын айтады. Ол өзінің жеке кітапханасын Қайрат Жолдыбайұлының «Кемел адам» туындысымен толықтырды. Ол бұл орталықты «Креативке толы құтхана», дейді.

    Айта кету керек, мұнда ауқымды шаралар, келелі кездесулер өткізуге болады. Сондықтан, партия филиалы алдағы уақытта елге танымал қаламгерлердің кітап көрмелері мен тұсаукесерлерін осында жасауға мүдделі.

    Еске сала кетейік, бұған дейін осындай орталықтар Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Жамбыл, Қарағанды, Ақтөбе, Ақмола, Павлодар, Жетісу облыстарында ашылып, қазіргі таңда тұрғындарға қызмет көрсетуде.

    Қаскелең қаласында ашылған кітап орталығы

    1 of 8
    - +

    1.

    2.

    3.

    4.

    5.

    6.

    7.

    8.

    Ұсынымдар

    Елімізде 4 мыңдай адам ағза ауыстыруға мұқтаж

    Елімізде 4 мыңдай адам ағза ауыстыруға мұқтаж

    1 month ago
    АЙНЫМАС ДОС, ТАРЛАН ТАЛАНТ ЕДІ

    АЙНЫМАС ДОС, ТАРЛАН ТАЛАНТ ЕДІ

    3 weeks ago
    “Киелі мекен” апталығына оқушылар да қатысты

    “Киелі мекен” апталығына оқушылар да қатысты

    1 year ago
    Шекарадан кете алмайтын офицер

    Шекарадан кете алмайтын офицер

    3 months ago
    Жер сілкінісінен бірнеше ғимарат бүлінді

    Жер сілкінісінен бірнеше ғимарат бүлінді

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.