☀️
23°C
Қонаев
Сәрсенбі, Сәуір 8, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Былтыр 1414-ке 30 миллионнан астам қоңырау түсті

    23.01.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Мемлекеттік қызмет, Өңір тынысы
    Былтыр 1414-ке 30 миллионнан астам қоңырау түсті
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

    2023 жылы 1414 бірыңғай байланыс орталығына түскен қоңырау саны 2022 жылмен салыстырғанда шамамен 24 пайызға артты (7 миллионнан астам). Өткен жылы азаматтарды төлқұжат пен жеке куәлік алу, жүргізуші куәлігіне өтініш беру, баланың тууы мен күтімі бойынша жәрдемақы тағайындауға қатысты сұрақтар жиі қойылған.

    Айта кетер болсақ, 1414 мемлекеттік қызметтер, eOtinish жүйесі, ХҚКО-лардың қызметі және құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді. Бұдан өзге, операторлар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық көмек алу бойынша әлеуметтік-еңбек саласының сұрақтарына да жауап бере алады.

    Сонымен қатар, өткен жылы бірыңғай байланыс орталығының желісіне 24/7 режимінде сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер және ақпараттық қолдау көрсететін робот енгізілді. Ол ХҚКО-ға кезек брондау, құжаттардың дайындығын тексеру, психиатрлық және наркологиялық диспансердің анықтамаларын беру сияқты сұранысқа ие қызметтерді көрсете алады. Осы ретте айтар болсақ, 2023 жылы роботтың көмегіне 5 миллионнан астам рет жүгінген.

    Еске сала кетейік, 2021 жылдың сәуір айында 1414 бірыңғай байланыс орталығы Мемлекеттік корпорацияға берілген болатын. Қазақстанның 7 қаласында орталық кеңселері орналасып, 500-ден астам оператор жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, биыл 1414 орталығы “Хрусталь гарнитура” халықаралық байқауына қатысып, 444 компания ішінен финалистердің үштігіне кірді.

    Мөлдір Айдосқызы,
    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша бойынша PR-менеджері

    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
    08.04.2026
    Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді
    08.04.2026
    Алматы облысында былтыр 44 медициналық нысан пайдалануға берілді
    08.04.2026
    17 жастағы ауыл оқушысы 22 баланың грант алуына көмектесіп, өз өмірін де өзгертті
    08.04.2026
    Денсаулыққа құқық – конституциялық құндылық: декларация емес, мемлекеттің міндеті
    08.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>