⛅
14°C
Қонаев
Бейсенбі, Қыркүйек 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Инвестиция тартуда алдыңғы қатарда

    07.02.2024
    in Барлық жаңалықтар, Экономика
    Инвестиция тартуда алдыңғы қатарда
    0
    SHARES
    13
    VIEWS

    Алматы облысы тамақ өнеркәсібіне инвестиция тарту бойынша алдыңғы қатарға шықты. Облыс басшысы Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, былтыр бұл салаға құйылған инвестиция көлемі 1,8 есеге өсіп, республика бойынша жалпы үлестің 30 пайызын құраған.
    – Өткен жылдың 12 айының қорытындысы бойынша Алматы облысында негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемі 705,3 млрд теңгеге жетті. Осы көрсеткішті ескере отырып, облыстың өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестиция көлемі 129,8 миллиард теңгеден асып, республикада төртінші орынға шықты. Бұл қаражаттың 36 пайызы азық-түлік өнімдерін өндіруге бөлінгенін ерекше атап өткен жөн. Бұл деректер өңірдегі инвесторлар үшін азық-түлік секторының тартымдылығын және осы салаға сұраныс зор екенін көрсетеді, – деді Марат Елеусізұлы.

    Облыс әкімі өз сөзінде өңірдің агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелеріне тоқталды. Оның айтуынша, облыста инвестицияның жүйелі түрде артуы байқалады. Былтырға арналған жоспарға сәйкес, Алматы облысын дамытудың Жол картасы аясында жеке инвестиция арқылы жалпы 49,3 млрд теңгені құрайтын 13 жоба сәтті жүзеге асырылған. Нәтижесінде, халыққа 608 жұмыс орны ашылып, жоспар артығымен орындалған.
    – Инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде былтыр құс еті 8,7 мың, сүт 20,8 мың және ет өндірісі, тиісінше, 4,3 мың тоннаға дейін өсті. Өткен жылы аяқталған маңызды жобалардың ішінде бірқатарына кеңейту жұмыстары жүргізілмек. Мысалы, 2025 жылға қарай 100 мың тонна құс етін өндіруді жоспарлап отырған «Прима-құс» фабрикасын, жеміс-жидекті мұздату, сақтау және «FROSCO» компаниясының көкөністері мен «Shakh Eco Food» жылыжай кешенін кеңейту жоспарланып отыр, – деді аймақ басшысы.

    Сөз соңында Марат Елеусізұлы 2024 жылға арналған міндеттерге тоқталды. Ол биыл жалпы инвестиция көлемі 141,8 млрд теңгені құрайтын 26 жобаны жүзеге асыру және 1279 жұмыс орнын ашу жоспарланып отырғанын атап өтті.

    Қуаныш Тұнғатар

    Ұсынымдар

    Алатаудың алмасы “ауырып” тұр

    Алатаудың алмасы “ауырып” тұр

    1 year ago
    Алматы облысында 6 мың гектардан астам аумақ өртенді

    Алматы облысында 6 мың гектардан астам аумақ өртенді

    2 years ago
    Қонаевта әр сенбіде азық-түлік тауарлары жәрмеңкесі өтеді

    Қонаевта әр сенбіде азық-түлік тауарлары жәрмеңкесі өтеді

    2 years ago
    Мемлекет басшысы елде волонтерлік қызметті дамыту жолдарын ұсынды

    Мемлекет басшысы елде волонтерлік қызметті дамыту жолдарын ұсынды

    2 years ago
    Алматы облысы экономикалық өсу жолында: жыл қорытындысы бойынша 109% және жаңа перспективалар

    Алматы облысы экономикалық өсу жолында: жыл қорытындысы бойынша 109% және жаңа перспективалар

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>