Қонаев қаласында күзгі көгалдандыру жұмыстары Республика күнімен тұспа-тұс келді. Қалада жасыл желек көлемін арттыру мақсатында Индустриальная, Қонаев көшелерінің және Алматы-Өскемен күре жолының бойына 3 мың ағаш отырғызылды.

Егілген көшеттердің қатарында акация мен арша бар. Алдағы уақытта Қонаевта жеміс ағаштарын егу де жоспарланып отыр.

Сонымен қатар «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында саяжай аумағы мен Қарлығаш шағынауданында сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық шарасына 250 адам қатысып, аумақтарды қоқыстан тазартуға атсалысты. Нәтижесінде 350 қап қоқыс жиналды.

