-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мұқағали және “Хантәңірі” газеті

    08.02.2024
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Мәдениет, Руханият
    Мұқағали және “Хантәңірі” газеті
    0
    SHARES
    79
    VIEWS

    60 жыл бойы «Советтік шекара» деген атаумен шыққан Нарынқол аудандық газетінің бір күнде «Хантәңірі» болып өзгеруіне Мұқағали Мақатаев даңқының қалай әсер еткені жайлы оқиғаны әңгімелеудің сәті түскен сияқты.
    1991 жыл басталғаннан «Советтік шекараның» қызметкерлері шабытты қимылға көшті. Оған себеп, 40 күннен кейін қазақ поэзиясының ақиығы Мұқағали Мақатаевтың 60 жылдығы еді. Газет ұжымына ақынның мерейтойын кеңінен насихаттау міндеті жүктелді. Апта сайынғы лездемелерде ұсыныс-пікірлер айтылып, тың идеялар көтеріліп жататын. Әр нөмірдің бірінші бетіне «1991 – Мұқағали жылы» деген айдармен ақын шығармалары беріліп тұрды. Еркін Ібітанов жетекшілік ететін Мақатаев атындағы әдеби бірлестік те белсенділігін арттырды. Барша журналистің атасы саналатын Әлнұр Мейірбековтен бастап, бас редактор Дәулет Желдікбаев, Әбітай Әденов, Мінуар Әкімханов, Рысбек Сүгірбеков, Қанат Тәкебаев, Иемберді Тастанов, Дүйсен Досымбаев, Қанат Біржансал сияқты қаламы жүрдек әріптестер іске құлшына кірісті. …
    Тіпті, белгілі жазушылар мен ақындар, орталық газет-журналдарда қызмет істейтін журналистер Мұқаң жайлы естеліктерімен бөлісіп, «Советтік шекарамен» байланысқа шығып тұрды. Қаңтардың басынан ақпанға дейін ақын өмірінен сыр шерткен газеттің 12 санын шығардық. Ендігі 9 ақпандағы нөмірге күш салдық. Бірінші беті Мұқағалидің үлкен суреті және туған жерге арналған өлеңімен басталып, келесі жеті беті жаңа айдарларға, тың тақырыптарға толы, ақынның өмірінен мағлұмат беретін суреттермен көмкерілді. Түрлі-түспен безендіріліп, жаттандылықтан ада, соны соқпаққа құрылды. Қалыбек Нұрмұханбетов басқаратын аудандық баспахананың маман-қызметкерлерінің де қосқан үлесі зор болғанын айтуға тиіспін. Газет басшылығы, кезекші журналистер, корректорлар, баспагерлер ақиық ақынның мерейтойына арналған басылымның жұрт көңілінен шығатындай дәрежеден көрінуіне қолдарынан келген өнерлерін салып бақты. Тоқсаныншы жылдардың басы – 70 жыл билік жүргізіп келген коммунистік партияның беделі төмендеп, өзі құрған Кеңес өкіметінің шаңырағы шайқалған, кенеуі кете бастаған тұс еді. Осыдан келіп, ақынның мерейтойына арналған газеттің «Советтік шекара» деген атпен жарық көргені қалай болар екен деген ой туындаған. Бірақ аудандық партия комитеті мен атқару комитетінің органы саналатын басылымның атын өзгерту сол лауазымды орындардың ұйғарымымен жүзеге асатыны анық. Газеттің атауына байланысты әркім әртүрлі ойдың жетегіне ілесіп, бір шешімге келе алмай тұрған шақта соңғы байламды Әлекең, Әлнұр Мейірбеков айтқан еді.
    – Мұқағали тірлігінде ноқтаға басы сыймай, еркіндікті жаны қалап өткен азамат. Олай болса, өзіне арналған газетті Кеңес өкіметінің шеңгелінде қалдыратын не жөніміз бар. Газеттің атын «Хантәңірі» деп қоялық. Белгілі жазушы Әкім Тарази «Қазақ жерінің ең биігі – Нарынқол, Ал Мұқағали – қазақ жырының Хантәңірі» деп орынды пікір айтқан екен. Жазушының осы тәмсіліне сүйенгеннен ұтыла қоймаспыз. Газет – «Хантәңірі» болсын, – деп бір-ақ кескен.
    – Жоғары жақпен ақылдаспай, жауапқа тартылып жүрмейміз бе, – деп қауіп айтқандарға: «Газет шығып, халықтың қолына тисінші. Жоғарыдан келген керді сонан соң көріп алармыз,– деп ақылман аға қаламдас інілерін өгіз де өлмейтін, арба да сынбайтын аталы сөзге ұйытқан еді.
    9 ақпан күні түстен кейін Нарынқол аудандық Мәдениет үйінің іші-сырты қаладаладан, алыс-жуықтан келгендер мен аудан тұрғындары араласып, ығы-жығы болып кетті. 60 жылдық мерейтойға арналған ғылыми-теориялық конференцияда ағынан ақтарылған әңгіме мен шертілген сырдың, оқылған жырдың, әуелете шырқалған әннің, ізгі тілек пен ыстық ықыластың шет-шегі болған жоқ. Бұл күні ақынның мерейтойына арналған аудандық газетке де көпшіліктің ықыласы молынан ауды. Қолдарына тиген басылымның әр бетіндегі жазылған дүниелерге айрықша назар аударды. «Хантәңірі» деген атауға да оңды лебізге толы ой-пікірлерін айтып, газет қызметкерлеріне алғыс сезімдерін арнап жатты.
    Осылайша, Мұқағали Мақатаевтың 60 жылдығына арналған басылым «Хантәңірі» деген атпен тұңғыш рет оқырманның қолына тиді. Бұл 1991 жылдың 9-ақпаны болатын. Ақын тойы өткеннен кейін, қауіп еткен жоғары орындардан да ешқандай ескерту болмады. Мұны газет қызметкерлері ақынның рухы қолдағаны деп қабылдады. Артынша қарт журналист Әлнұр Мейірбеков аудандық «Советтік шекара» газетінің атын заман ағымына, қоғамдағы өзгеріске сай «Хантәңірі» деп атау жөнінде көлемді мақала жазды. Ол басқарушы тараптан да, оқырмандар тарапынан да қолдау тапты. Сонымен, аудандық газет 1992 жылдан «Хантәңірі» деген атқа түпкілікті ие болды.

    Жұмабек Тәліпұлы
    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында терроризмге қарсы жаттығу өткізіледі

    Алматы облысында терроризмге қарсы жаттығу өткізіледі

    1 year ago
    Тамақ таситын курьерлерге қойылатын талап күшейді

    Тамақ таситын курьерлерге қойылатын талап күшейді

    5 months ago
    Ерлік жолы

    Ерлік жолы

    11 months ago
    Алматы облысында жаңа автобус бағыттары ашылды

    Алматы облысында жаңа автобус бағыттары ашылды

    2 years ago
    Фермерлер де саяси науқаннан тыс қалмайды

    Фермерлер де саяси науқаннан тыс қалмайды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>