31 наурызда тұрғын үйлерді су басу қаупін азайту және жою бойынша көмек көрсету үшін Іле ауданының Байкент ауылына Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Камаз базасындағы екі өрт-сорғы станциялары, сондай-ақ 11 жеке құрамның адамы жіберілді.
«31 наурыз күні таңғы сағат 8-де Іле ауданының Қараой ауылына көмекке бару міндеті қойылды. Содан кейін жарты сағаттық жиналып, бір сағат ішінде біз көмекке бардық. Біздің әріптестеріміз Қараой көлінен суды сорып алуға және аумақтарды толтыруға көмектеседі, қазірдің өзінде миллион текше метрден астам су сорылды», – деді топтың аға маманы Алмаз Торбаев.
Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары халыққа тәулік бойы көмек көрсету үшін ден қоюға дайын.
Еске салайық, 30 наурыз күні күндіз Іле ауданының Байкент ауылында Ворошилов су қоймасы бөгетінің бір шеті бұзылған. Қоймадағы су Жармұхамет өзенінің негізгі арнасы бойымен ағып жатыр. Тоғандарға құйылатын барлық шлюздер ашық. Әзірге елдімекендерді су басу қаупі жоқ.
Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 31 наурыз күні сағат 13:00-дегі ахуал тұрақты. Қараой ауылындағы “Утянка” көлінен 150 мың текше метр су жіберілген. Қазір қоймадан 6.2 текше метр су жіберіліп, көлге 5 текше метр су құйылып жатыр. Су көлемі біртіндеп азайып келеді. Бөгеттің жарылуынан жақын аумақтағы елдімекендерді су баспаған, ешкім зардап шеккен жоқ.
31 наурызға қараған түні қоймаға жақын Қараой ауылынан 28 адам эвакуацияланған. Оларға мектепте ыстық тамақ, жатын орын мен қажетті заттар берілді. Бүгін түске таман эвакуацияланғандардың барлығы туыстарының үйіне кетті.
Сонымен қатар, әкімдік оқиға орнында жұмыс істеп жатқан әскерилер мен басқа да қызметкерлерге ыстық тамақ жеткізді. Бөгет бұзылуының салдарын толық жойылғанға дейін күндіз-түні кезекшілік ұйымдастырылды.