Перейти к содержимому
Главная страница » Қонаевта — «Төрлет, әз-Наурыз» мерекелік думаны

Қонаевта — «Төрлет, әз-Наурыз» мерекелік думаны

Ардақты ағайын, қадірменді халайық!

Сіздерді 21-наурыз күні «Төрлет, әз-Наурыз» мерекелік думанына шақырамыз!

Қонаев қаласының орталық алаңында өтетін шара Көш-шеруден басталады. Одан кейін Қазакстанның еңбек сіңірген әртістері Секен Тұрысбеков, Бағдат Сәмединова, «Дос-Мұқасан» ансамблі, сонымен қатар эстрада жұлдыздары мен облыс әртістері өнер көрсетеді.

Мерекелік шара кешке дейін жалғасады. Сағат 20:00-де КешYOU тобы, Жігер Аупбаев, Ғазизхан Шекербеков және т.б әншілердің өнерін тамашалай аласыздар.

Әз-Наурызға арналған ауқымды шара Қонаев қаласының орталық алаңында өтеді.

Келіңіздер, көріңіздер!