-13 °c
Qonaev
Wednesday, June 4, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Батысқа арнайы техникалар жөнелтілді

    15.04.2024
    in Барлық жаңалықтар, Төтенше жағдай
    Батысқа арнайы техникалар жөнелтілді
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    Қонаев және Алматы қалаларындағы станциялардан Батыс Қазақстан облысына су тасқынымен күресу үшін арнайы және инженерлік техникалар жөнелтіліп жатыр.

    Алматы облысынан жиналған техникалар құрамында КАМАЗ, самосвал, трактор, су тасығыш және моторлы қайықтар бар. Техниканы жөнелтуге дайындық жұмыстарына 300-ге жуық адам жұмылдырылды, оның ішінде Төтенше жағдайлар департаменті, «Қазақстан темір жолы» АҚ өкілдері, 32363 әскери бөлімінің 55 әскери қызметкері және Қонаев қаласының әкімдігі қажетті материалдарды қамтамасыз етіп, жабдықтарды платформаға тиеді. «Маревен Фуд Тянь-Шань» серіктестігі мен жеке кәсіпкер Арсамақов су басқан өңірлерге бара жатқан жүргізушілерді азық-түлікпен қамтамасыз етті.

    «Алматы облысы әкімдігінің бастамасымен бүгінде су тасқынымен күресу үшін Батыс Қазақстанға Қонаев және Алматы қалаларындағы станциялардан 150 бірлік арнайы техника жөнелтіліп жатыр. Кеше 60 техника және 4 қайық тиелген 47 платформа жолға шықты. Сонымен қатар 65 техника платформаларға тиеліп, жөнелтуді күтіп тұр. Әр пойыз дайын болған бойда жөнелтіліп отырады. Әр техникаға бір-бір жүргізуші тағайындалып, олар да пойыздың басындағы жолаушылар вагонына орналасқан. Бұл шараға облыс кәсіпкерлері, коммуналдық қызметтер мен облыстық басқармалар, сонымен қатар шаруа қожалықтары қатысуда. Халқымызды табиғаттан келген тосын жағдайдан қайткенде аман алып шығамыз. Біздің күшіміз бірлікте», – деді облыс әкімінің орынбасары Алмас Батанов.

    Айта кетейік, айдың басында облыстық төтенше жағдайлар департаменті Атырау қаласына 33 жеке құрам мен 13 техника аттандырған, олар күні бүгінге дейін қызметке жарап тұр. Абай ауданына 6 құтқарушы мен 2 техника жіберілді. Ал бүгін 4 құтқарушы мен 2 қайық жөнелтіледі.

    Жөнелтілген техника шамамен үш күн жол жүріп учаскеге жеткен соң тасқынмен күреске жұмылдырылады.

    Ұсынымдар

    Орталық саябаққа Бердібек Соқпақбаевтың есімі берілді

    Орталық саябаққа Бердібек Соқпақбаевтың есімі берілді

    5 months ago
    Қазақстандық ескекшілер Азия ойындарының жеңімпазы атанды

    Қазақстандық ескекшілер Азия ойындарының жеңімпазы атанды

    2 years ago
    Қонаев тұрғындары жаппай сенбілікке қатысты

    Қонаев тұрғындары жаппай сенбілікке қатысты

    8 months ago
    «Транс Қапшағай 2023» халықаралық желкенді қайық регатасы аяқталды

    «Транс Қапшағай 2023» халықаралық желкенді қайық регатасы аяқталды

    2 years ago
    Күрделі жөндеу кешікпеуі тиіс

    Күрделі жөндеу кешікпеуі тиіс

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>