☀️
25°C
Қонаев
Дүйсенбі, Наурыз 30, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Береке-бірлік дәл қазір керек

    07.04.2024
    in Барлық жаңалықтар, Төтенше жағдай
    Береке-бірлік дәл қазір керек
    0
    SHARES
    42
    VIEWS

    Еліміздің біраз өңірінде болып жатқан қарғын су тасқыны халқымызды қатты әбігерге салып жатқанын бәріміз көріп отырмыз. Осыған байланысты таяуда ғана Батыс Қазақстан өңіріне арнайы сапармен барып қайтқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елге үндеу жариялады. Халықты сабырға шақырды.
    Бұл енді мемлекет бойынша келіп жатқан табиғи апат. Шындығын айтсақ, болып жатқан жағдай тиісті салаларымыздың төтенше жағдайға дайын еместігін көрсетті. Көз көріп отырған шындық. Дәл қазіргі уақытта береке-бірлік керек. Онсыз жағдайымыз бұдан да қиындай түседі. Сондықтан бірлік керек. Қазіргі ақпараттық технология дамыған заманда оқыс, төтенше жағдайға тап болғанда уақиғадан дер кезінде құлағдар болып отыратын, әр туындаған жағдайға сай әрекет ете алатын күйге жетуіміз керек.

    Қазір біздің билер алқасы да халықты ұйымдастыру бағытында жұмыс істеп келе жатыр. Біздің ұйымның көздегені — мемлекетіміздің ұстанып отырған саясатына қолдау көрсетіп, халықтық салт-сана, дәстүр тұрғысынан келіп, заң аясынан аспай, пікір білдіріп, елді ұйыстырып, игі істерге үндеу. Сол тұрғыдан келгенде, біз мемлекет басшысының бүгінгі үндеуі төтеннен, осыншалықты жойқын күшпен келген табиғат апатына күшімізді бірлікпен нығайта отырып еңсеруге шақырған жігерлі үнқату болды деп есептейміз. Біздің ауыл-аймағымыз да қарап қалмай, қаржылай жылу жинап, Ақтөбе облысындағы мұқтаждыққа ұшыраған бауырларымызға жіберді.
    Әманда халқымыз аман, жұртымыз тыныш болсын!

    Сержан Сейітбаттал,
    республикалық қазақ билер алқасы Алматы облыстық филиалының төрағасы

    Соңғы жаңалықтар

    Қонаев құрамасы көкпардан чемпион атанды
    30.03.2026
    Кеудені кеспей жасалған күрделі операция 95 жастағы науқас өмірін сақтап қалды
    30.03.2026
    Қонаевта жылу қызметі бойынша абоненттік деректерді жаңарту жұмыстары басталды
    30.03.2026
    30 наурыз – Халықаралық қалдықсыз күн
    30.03.2026
    Есік қаласында сенбілік өтті
    28.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>