-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    “Сақ стилі” – теңгенің жаңа сериясы

    06.04.2024
    in Барлық жаңалықтар
    “Сақ стилі” – теңгенің жаңа сериясы

    Фото: Caspianlife.kz

    0
    SHARES
    28
    VIEWS

    Қазақстан Ұлттық банкі 2023 жылғы 25 желтоқсаннан бастап жаңа дизайндағы 5 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды. Бұл – «Сақ стилі» жаңа сериясының алғашқы банкнотасы. Ол дәстүрлі қазақ ою-өрнегінің бастаушысы болып саналатын және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейтін «Сақ стилі» элементтеріне негізделген.
    Ақша белгісінің дизайны мен формасына келсек, түсі – қызыл және қызғылт сары. Банкнотаның бет жағында көкте қалықтап ұшқан құс пен «Өмір ағашының» бұтағы, «Алтын адам» бас киімінің бір бөлігі («Есік» қорғаны) көрініс тапқан. Табиғат пен наным үйлескен. ДНҚ спиралі және адамның табиғатпен байланысын көрсететін ою-өрнек шексіздік символын білдіреді. Ал жәдігербүркіт фигурасы түріндегі безендіруде (Қорған Талды II, біздің заманымызға дейінгі VII-VI ғасырлар) бүркіт шексіз еркіндіктің, күш пен ептіліктің символы ретінде салынған.

    Банкнотаның сырт жағында ою-өрнекпен безендірілген қалқан фонындағы бүркіт бейнеленген. Негізгі бейненің артында дөңгелек қазақтың ою-өрнегі орналасқан. Бұл бейне мына идеяларды білдіреді: «Қалқан» – құндылықтарды қорғау; ежелгі символ – әлемнің төрт құбыласы; ортасындағы күн белгісі – өмірдің символы. Сондай-ақ, банкнотаның сырт жағында қанаты жайылған жәдігер-бүркіттің бейнесі орналасқан («Берел» қорғандары «Патшалар алқабы», біздің заманымызға дейінгі VIII-VII ғасырлар, ШҚО). Бұл да еркіндік пен үйлесімділіктің символы. Банкнотаның ортасында Шарын шатқалының көрінісі, шексіздік белгісіндегі қазақтың ою-өрнегінің фон-контуры бар.

    Банкноталарды айырбастау тәртібі және айналымда қатар жүру кезеңін белгілеу туралы айтсақ, номиналы 5 000 теңге болатын жаңа банкноталар 2023 жылғы 25 желтоқсаннан бастап айналымға енген және жыл бойы айналымдағы 2011 жылғы үлгідегі номиналы 5 000 теңге болатын ұлттық валюта банкноталарымен (ескі үлгідегі банкнота) ауыстырылады. Яғни, ескі үлгідегі барлық банкноталар бір жылдың ішінде айналымнан біртіндеп алынатын болады. Тиісінше, банкноталар айналымда қатар жүрген уақытта халыққа ескі үлгідегі банкноталарды екінші деңгейлі банктердегі немесе ҚҰБ (Қазақстан Ұлттық банкі) филиалдарындағы жаңа банкноталарға айырбастаудың қажеті жоқ. 2023 жылдың 25 желтоқсанынан 2024 жылдың 24 желтоқсанына дейін ескі және жаңа үлгідегі банкноталар айналымда қатар жүріп, есеп айырысуға жарамды болып саналады. Бұл орайда жаңа үлгідегі банкноталар 2024 жылдың наурыз айынан ғана жаппай айналымға түсті. Себебі, оларды еліміздің барлық өңіріне жеткізіп, жабдықтарды (банкоматтар, терминалдар және кассалық техника, тағы басқалар) бейімдеу үшін белгілі бір уақытты қажет етті.

    Қатар айналым кезеңі аяқталғаннан кейін, яғни, 2024 жылғы 25 желтоқсаннан бастап барлық банк пен «Қазпоштада» ескі үлгідегі банкноталарды 3 жыл ішінде жаңа үлгідегі банкноталарға айырбастауға мүмкіндік бар. Ал ҚҰБ филиалдарында оларды мерзімсіз айырбастауға болады.

    Жаңа үлгідегі (2023 жылғы) және ескі үлгідегі (2011 жылғы) банкноталар айналымда қатар жүретін кезең ішінде заңды төлем құралы болып саналады. Төлемдер мен аударымдардың барлық түрін жүзеге асыру, банк шоттарына аудару үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында олардың атаулы құны бойынша қабылдауға міндетті екенін атап өтеміз. Олар еліміздегі ҚҰБ, «Қазпошта» және екінші деңгейлі банктердің барлық филиалында, сондай-ақ, Қазақстан резидент емес банктерінің филиалдарында шектеусіз айырбасталады және ауыстырылады.

    Ұлттық валютамыз 10 000 теңге де жаңа дизайнға көшкені көпшілікке белгілі. Теңгенің 30 жылдығына арналған 2023 жылғы үлгідегі 10 000 теңге мерейтойлық банкнот болып саналады. Аталған номинал айналысқа өткен жылдың 15 қарашасында енгізілді. Көлемі: 145х70 мм. Бет жағында басым түс – көк және күлгін. Негізгі бейнелері – Қазақстан Елтаңбасы бейнеленген монета және «Мёбиус жолағы». А (Абай), Ж (Жетісу) және Ұ (Ұлытау) бас әріптерімен белгіленген облыстары бар Қазақстан картасы салынған. Сырт жағында да көк және күлгін түске басымдық берілген. Негізгі бейнелері – «Теңге» белгісі бейнеленген монета және «Мобиус лентасы». Бұдан бөлек, Еуразия континентінің картасында Қазақстан мемлекеттік шекарасының контуры сызылған.

    Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының дизайны өзгерген кезде айналымдағы ақша белгілерінің қатар айналымы кезеңін ауыстырудың және белгілеудің жалпы тәртібі «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» ҚҰБ басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы №228 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

    Заңды төлем құралы болып табылатын банкноталар мен монеталарды қабылдаудан бас тарту Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық болып саналатынын еске саламыз.

    Қуаныш Тұнғатар

    Ұсынымдар

    Мал қыстату – маңызды науқан

    Мал қыстату – маңызды науқан

    5 months ago
    Декларация қалай қабылданды?

    Декларация қалай қабылданды?

    8 months ago
    АЭС құрылысы жастарға мол мүмкіндік береді

    АЭС құрылысы жастарға мол мүмкіндік береді

    9 months ago
    Ұлыс күні үлгі көрсетілді

    Ұлыс күні үлгі көрсетілді

    3 months ago
    Атасының баласы

    Атасының баласы

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.