-13 °c
Qonaev
Wednesday, August 20, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тұрақтылық ең үлкен маңызға ие

    25.04.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Тұрақтылық ең үлкен маңызға ие
    0
    SHARES
    15
    VIEWS

    Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясының отырысы өтті.
    Мен аталған отырыстан мыналарды терең ұқтым. Әлемді тұрақсыздық билеп, геосаяси ахуал шиеленіскен тұста бірлікті ту етіп ұстау арқылы ғана мемлекетімізді дамуға бағыттай аламыз. Әлеуметтік-экономикалық ахуалдың дамуы да татулықпен тікелей байланысты. Ол – мемлекеттің іргетасы іспеттес. Барлық мәселенің шешімі ынтымақтастық арқылы табылатынына көз жеткізіп отырмыз. Бүгінгі елімізде орын алып жатқан су тасқынын да азаматтарымыздың күш біріктіруі арқылы жеңіп шығамыз. Бүгнде қаншама қазақстандықтар өз еріктерімен су тасқыны болған аймақтарға барып, көмек қолын созуда. Гуманитарлық көмек ұсынуда. Бұл туралы Президент Ассамблея отысында айтты.

    «Бәріміз – бір елдің азаматымыз. Тарих тоғыстырған тағдырымыз – бір, сеніммен қадам басатын келешегіміз – бір. Біз біртұтас ұлт ретінде әрдайым бабалар аманатына адал боламыз. Қасиетті қара шаңырағымыз – Қазақстанның жарқын болашағын бірге жасаймыз. Біздің мақсатымыз – айқын, бұл – Әділетті Қазақстанды құру» – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Рас, тіліміз бөлек болса да тілегіміз бір, түсіміз бөлек болса да жүрегіміз бір. Бір ту астында бір атаның баласында тату-тәтті ғұмыр кешкен қазақстандықтар да тура жолмен жарқын болашаққа қадам басуда. Тәуелсіздігін жаңа алып, тәй-тәй басқан жас мемлекет үшін бұл – үлкен жетістік. Сондықтан болар, ұлтаралық татулық, конфессияаралық келісім мәселесі ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Мемлекет дамуының басты қағидаты ретінде үлкен маңызға ие.

    Аркен Сайдуллаев,
    Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаты

    Ұсынымдар

    Ұрпақ алдында ұяттымыз

    Ұрпақ алдында ұяттымыз

    2 years ago
    Қонаевта “Достық” аллеясы ашылды

    Қонаевта “Достық” аллеясы ашылды

    5 months ago
    Бюджетке өзгеріс енгізілді

    Бюджетке өзгеріс енгізілді

    1 year ago
    «Атамекен» газеті ардагерлерін ардақтады

    «Атамекен» газеті ардагерлерін ардақтады

    4 months ago
    Алматы облыстық Халықтық штаб Қонаев қалалық аурухананың ұжымымен кездесті

    Алматы облыстық Халықтық штаб Қонаев қалалық аурухананың ұжымымен кездесті

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>