-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    Ауылдар көркейе түсті

    02.05.2024
    in Ауыл тынысы, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Өңір тынысы, Экология
    Ауылдар көркейе түсті
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    Елімізде «Таза Қазақстан» деп аталатын экологиялық акцияның бастау алғанына үш аптадан асты. Міне, сол іс-шараның «Жасыл аймақ» деп аталатын апталығы да өз мәресіне жетті. Бұл жолы аудан тұрғындары елді мекендерді тазалап, абаттандырып, жас көшеттер отырғызып, талдардың діңін әктеуме айналысты.

    Өткен аптаның жауын-шашынды болғанына қарамастан Қарасай ауданында тазалық жұмыстары бір сәт те толастаған емес. Күн сайын бұл жұмыстарға 325 адамға дейін атсалысып, барлығы 60-қа жуық еңбек ұжымдары қатысқанын айта кету керек. Сонымен қатар 11 техника тартылып, күл-қоқыстарды шығаруға, қажетті құралдарды тасымалдауға үлкен көмек жасады.
    Осылайша, көптің қолдауымен дүйсенбі күні 150 ағаш пен 200 көшет отырғызылса, сейсенбіде ¬¬- 180, сәрсенбіде – 500, бейсенбіде – 160, жұмада – 100, ал сенбі күні ¬– 400 тал тамыры топыраққа сіңірілді. Бұл жерде сәрсенбі күні ең көп жұмыс атқарылып, «Өмірұзақ» ықшам ауданының маңында орын тепкен саябаққа қарағай, шырша, қайың көшеттері отырғызылды. Шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, өз үлесін қосқан болатын.

    «Таза өлке» атауымен өткен алғашқы апталық кезінде аудан әкімі Жасұлан Тоққожаұлы қатысқын шараға 10 мыңнан аса тұрғын, 500 мекеме-ұжым жұмылдырылып, 55 дана арнайы техника мен 87 жүк көлігі тартылған еді. Осы іс-шара барысында 32 мың аула тазартылып, қоқыс жинайтын полигондарға 6000 тоннадан аса күл-қоқыс шығарылған.

    Ал, «Киелі мекен» деп аталатын екінші аптада тарихи-мәдени ескерткіштердің айналасы тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Алғашқы күні Ұмтыл ауылдық округіне қарасты Алмалыбақ ауылында орналасқан Д.Қонаев атындағы саябақ қалпына келтілілген. Мұндағы жұмыстарға зиялы қауым өкілдері, танымал спортшылар, облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттары қатысты. Бұл апталық кезінде барлығы 1353 адам, 85 арнайы техника қатысып, 2820 шаршы метр болатын аймақта орналасқан алаңдар мен саябақтар тазартылды. Сонымен қатар бұл жерлерге жас көшеттер отырғызылып, көгалдандыру шаралары атқарылды.

    Республика бойынша өтетін «Таз Қазақстан» экологиялық акциясының аяқталуына екі аптадан аз уақыт қалды. Оның төртінші апталығы «Өнегелі ұрпақ» деп аталады. Бұл апталық аясында жастар ардагерлер тұратын үйлердің ауласын, қарттар үйінің маңайын тазалап, ретке келтіріп жатыр. Ал, «Мөлдір бұлақ» деген атаумен өтетін бесінші апталықта өзендер мен бұлақтардың жағалауы тазартылып, күл-қоқыстан арылатын болады. Осындай игі істердің нәтижесінде Қаскелең қаласы мен аудандағы елді мекендер жаңа кейіпке ие болады деп күтілуде.

    Қуат Қайранбаев,
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    «Қожеке Назарұлы – 200» экспедиция тобы Кеген ауданына келді

    «Қожеке Назарұлы – 200» экспедиция тобы Кеген ауданына келді

    2 years ago
    Нұрлан Әбдірахым

    Жұмысшыларды қолдау – мемлекет міндеті

    5 months ago
    МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕНІҢ ТІЛІМ!

    МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕНІҢ ТІЛІМ!

    9 months ago
    Алматы облысында 38 мыңнан аса адам қаржылық сауатын арттырады

    Алматы облысында 38 мыңнан аса адам қаржылық сауатын арттырады

    3 months ago
    «Шоғансай-Әлішер» демалыс орнының ауқымы кеңейді

    «Шоғансай-Әлішер» демалыс орнының ауқымы кеңейді

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>