-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қапшағай жағасы қоқыстан тазартылды

    06.05.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Өңір тынысы, Экология
    0
    SHARES
    12
    VIEWS

    Елімізде жарияланған “Таза Қазақстан” экологиялық акциясының аясында Алматы облысында “Мөлдір бұлақ” апталығы басталды. Апталық аясында 6 мамыр күні Қонаев қаласында Қапшағай су қоймасының қаламен шектес жағажайлары қоқыстан тазартылды.

    Қонаев қаласының іргесінің қалануы Қапшағай су қоймасының салынуымен тығыз байланысты. Ал шаһардың туристік келбетін қалыптастырушы – Қапшағай мен оның жағасында орналасқан бизнес орындары. Жарты айдан кейін шомылу маусымы басталады. Сондықтан жағажайларды тазалап, ретке келтіру, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету маңызды шаралардың бірі.

    Бүгінгі сенбілікке қала әкімі Асхат Бердіхановпен қатар 200 адам қатысып, 8 техника жұмылдырылды. Арамшөп оталып, жолдар мен тротуарлар құмнан тазаланды. Нәтижесінде 10 тонна қоқыс шығарылды.

    «Таза Қазақстан» акциясының соңғы апталығы Қапшағайды тазартудан басталды. Еңбек жолымды Шеңгелдіден бастап, зейнетке Қонаевтан шықтым. Сол себепті маған құмының өзі құйма алтыннан қымбат. Жасыма қарамай, тазалық шарасына қатыстым. Барша қазақстандықтарды табиғатты аялап ұстауға, жанашыр болуға шақырамын», – деді Ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Беспаев пікір білдіріп.

    Айта кетерлігі, қалалық жағажайда шомылу маусымы кезінде 42 кәсіпкер жұмыс істейді. Олар жақын арада өздеріне тиесілі аумақтағы сынған шатырларды қалпына келтіріп, сәкілерін орнатып, ыңғайлы инфрақұрылым жасауы тиіс. Халыққа жоғары деңгейде қызмет көрсету – басты талап.

    Ұсынымдар

    «Таза бейсенбі»: Қонаевтағы саяжай қоқыстан тазартылды

    «Таза бейсенбі»: Қонаевтағы саяжай қоқыстан тазартылды

    3 weeks ago
    Президент өндірістік жылыжай кешеніне барды

    Президент өндірістік жылыжай кешеніне барды

    2 years ago
    Жасыл қала: Қонаевта 70 мың гүл егілді

    Жасыл қала: Қонаевта 70 мың гүл егілді

    1 year ago
    Қазақстанда 25 мыңнан астам агроқұрылым мақта шаруашылығымен айналысады

    Қазақстанда 25 мыңнан астам агроқұрылым мақта шаруашылығымен айналысады

    3 weeks ago
    ЕРМЕКСАЗДАН БАСТАЛҒАН ЕҢБЕК

    ЕРМЕКСАЗДАН БАСТАЛҒАН ЕҢБЕК

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>