-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    «Айбында» бақ сынайды

    14.06.2024
    in Барлық жаңалықтар, Қорғаныс
    «Айбында» бақ сынайды
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    16-22 маусым аралығында Әли полигонында халықаралық әскери-патриоттық «Айбын – 2024» жастар жиыны өтеді. Оған  Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және Қазақстаннан жас сарбаздар қатысып, әскери шеберліктерін сынға салады.

    Биыл оныншы рет өтетін сайысқа елдегі әскери мектептер мен әскери бөлімшелер жанындағы жастар клубының, орта мектептердің әскери-патриоттық үйірмелерінің жас сарбаздары жиналады. Жаттығу алаңында пневматикалық винтовкадан оқ ату, автоматты бөлшектеп жинау, газ тұмылдырығы және жалпы әскери қорғаныс жиынтықтарын кию, қашықтыққа жүгіру кезінде жас патриоттардан нақты, дәл әрі анық орындалған әрекеттер талап етіледі. Шараның мақсаты – жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, елін, жерін қорғай білуге баулу.

    Сайыста Алатау қаласының №3 орта мектебінің 9-10 сыныптар арасынан іріктеліп алынған жас сарбаздар бақ сынамақ. «Бізге бұл ұсыныс айтылғанда ерекше қуандық. Себебі, балалар үшін бұл өте қызықты сайыс, әрі зор мүмкіндік. Жарысқа қатысушы оқушылардың бойынан патриоттық сезімді, жеңіске деген құштарлықты байқадым. Бүгінде жас сарбаздар жарысқа қызу дайындалуда. Ауданымыздың намысын қорғап жүлделі орынмен оралады деп сенемін», – деді өз сөзінде мектеп директоры Дина Күшекбаева.

    Аталмыш мектепте алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі болып қызмет ететін Қайрат Әуелбеков: «Мектебіміз 53975 әскери бөлімімен келісімшартқа отырған. Соның негізінде біздің мектептің оқушылары «Айбын – 2024» әскери-патриоттық жиынына әскери-әуе күштері бөлімінің атынан қатыспақшы. Бүгінде әскери бөлім бізге қолдау мен көмек көрсетіп, қару-жарақ, киім-кешекпен қамтамасыз етіп отыр. Сол үшін де алғысымыз шексіз.  Дайындық ойдағыдай жүріп жатыр. Оқушылар мектепте және әскери бөлімде турникке тартылудан, қашықтыққа жүгіруден, кросс,  пресс, автоматты бөлшектеп жинаудан жаттығуда. Біздің мақсат – әскери бөлім мен ауданымызды ұятқа қалдырмай, жүлделі орынға ие болу», – деді.

    Ал команда капитаны, №3 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Бақыт Темірлан: «Командада 17 бала бар. Мектеп ішінде арнайы жарыс ұйымдастырылып, ең мықтылары іріктеліп алынды. Алғашқы әскери дайындықтан жоғары нәтиже көрсетуімнің арқасында команда капитаны болып сайландым. Күнделікті дайындығымыз қызық әрі нәтижелі өтуде. Әскери бөлім қызметкерлері жаттықтырып жатыр. Мектеп тарапынан да қолдауды сезінудеміз».

    Ұлы дала ұландары алдағы жиында әскери қолбасшылармен кездесіп, винтовкадан оқ атып, граната лақтырып, қару-жарақ жинап жарысады. Іле ауданының намысын қорғайтын жас сарбаздарға біз де сәттілік тілейміз!

    Бағдат Шойбас,

     Іле ауданы

    Ұсынымдар

    Муза сарайы салынса…

    Муза сарайы салынса…

    2 years ago
    Әкім: Талғар ауданы инвестиция тарту бойынша алғашқы үштікте

    Әкім: Алматы облысына 780 млрд теңге инвестиция тартылды

    5 months ago
    Қазақстан армиясы кез келген сын-қатерге дайын болуы қажет – Президент

    Қазақстан армиясы кез келген сын-қатерге дайын болуы қажет – Президент

    2 years ago
    Қазгидромет: Алматы облысында ауа-райы күрт бұзылады

    Қазгидромет: Алматы облысында ауа-райы күрт бұзылады

    2 years ago
    Боз кілемде белдесті

    Жас балуандар бәсекесі

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.