-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Біздің сүйікті дәрігер

    14.06.2024
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Біздің сүйікті дәрігер
    0
    SHARES
    50
    VIEWS

    Адам жанына араша түсіп, басы ауырып, балтыры сыздағанның бабын табатын жауапкершілік жүгі ауыр дәрігерлік мамандықты таңдау – нағыз батылдық. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Мәди Тұрар – ел-жұртқа қадірменді мамандықтың иесі.

    Мәди Қайратұлы Шымкент қаласында дүниеге келген. Бала күнінен дәрігер болуды армандаған ол 2013 жылы Қарағанды қаласындағы мемлекеттік медициналық университетіне оқуға түсіп,  2018 жылы жалпы медицина мамандығын алып шыққан. Үлкен өмірге қадам басқан жас жігіт білімін тереңдету үшін Алматыдағы Қазақ-Ресей медициналық университетіне құжат тапсырады. Сәті түсіп тағы да студент атанады. Бұл оқу ордасын да ойдағыдай тәмамдап, терапевт пен эндокринолог мамандығын қоса игеріп, біліктілігін арттырады.

    2020 жылы Алматы қаласында студент болып жүрген Мәди еңбек жолын  №3 қосалқы стансада фельдшерліктен бастаған. Медицина саласына қадам басқан жас маман  2022 жылы «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында Балқаш аудандық орталық ауруханаға дәрігер-эндокринолог болып жұмысқа орналасады.

    Содан бері медицина саласының дамуы жолында еселі еңбек етіп келеді. Өзінің сүйікті мамандығы бойынша қызмет атқарып жатқан дәрігердің абыройы артып, аудан тұрғындарының ыстық ықыласына бөленіп, алғысын арқалап жүр.  Жас та болса, өз ісінің нағыз хас шебері. Ол сүйікті мамандығы жайында сөзін былайша сабақтады:

    – Дәрігер болуды армандайтындар аз емес. Алайда екінің бірі ақ халатты абзал жан бола бермейді. Ол үшін дәрігерлік қызметке деген қызығушылық пен мамандықты игеру жеткіліксіз. Білімің мен білігіңді жетілдіріп отыру маңызды. Сонымен қатар медицина маманына үлкен жүректілік те аса қажет, – дейді Мәди Қайратұлы.

    Шын мәнінде білікті дәрігер – ұлт саулығының ғана емес, ел дамуының қозғау­шы күші. Өйткені мемлекеттің басты байлығы – адам капиталы. Демек, елімізде терең білімді, тәжірибесі толысқан дәрігерлер көбейсе, денсау­лық сақтау саласы да өркендейді. Тұрғындардың да  сапалы ме­дициналық қызмет алуына жағдай жасалады. Сол себептен бүгінгі жас дәрігерлер ізденіске құштар болуы керек.

    Бақтығали Дәуітбаев,        

    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Өндіріс ошақтарында жаңа жұмыс орындары көбейді

    Өндіріс ошақтарында жаңа жұмыс орындары көбейді

    2 years ago
    187,5 мың га жер цифрлық көшірмеге енгізілген

    187,5 мың га жер цифрлық көшірмеге енгізілген

    1 year ago
    Алматы облысында 316 адам деструктивті діни ағымнан шығарылды

    Алматы облысында 316 адам деструктивті діни ағымнан шығарылды

    2 years ago
    Өнер деп соққан жүрегі

    Өнер деп соққан жүрегі

    1 year ago
    Алматы облысының аумағында жер сілкінді

    Алматы облысында жер сілкінді

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>