-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Туризм және саяхат

    «ТАҢБАЛЫНЫ» ТАМАШАЛАДЫ

    22.06.2024
    in Туризм және саяхат
    «ТАҢБАЛЫНЫ» ТАМАШАЛАДЫ

    SAMSUNG CAMERA PICTURES

    0
    SHARES
    7
    VIEWS

           Жамбыл ауданындағы «Таңбалы» тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайына келушілердің саны жылдан-жылға арта түсті. Мәселен, өткен жылы тастағы тарихты 14 мыңнан аса саяхатшы тамашалаған. Туристер легі биыл да толастаған жоқ. Қарабастау ауылы маңындағы үлкен аумақты алып жатқан қорық-мұражай туған өлкенің өткенінен сыр шертеді.

    «Таңбалыға» еліміздегі жоғары оқу орындарының білімгерлері де жиі саяхаттайды. Солардың бір тобын жолықтырып, алған әсерін сұраған едік. Жастар Алматыдағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Жаратылыстану институтынан екен. Белсенді білімгердің бірі – 3-курс студенті Меруерт Ерболқызы география кафедрасының туризм мамандығында оқиды. Ол экскурсияның өте қызықты өткенін бізбен былайша бөлісті:
    – Өзім осындай тарихи жерлерді көруді қатты ұнатамын. Алғаш бәрі де біз үшін жұмбақ еді. Экскурсовод ағайымыз жартастағы суреттердің мән-мағынасын ашып бергенде, құдды бір тарих қойнауына еніп кеткендей болдық. Белгіленген бағытпен шатқалды аралай жүріп, тиянақты әңгімелеп, нақты түсіндіріп берді. Суреттердің қандай мағына беретінін және не мақсатпен салынғанын білдік. Бұл суреттер – біздің арғы бабаларымыздан қалған белгілер. Әрбірінің өз ерекшелігі, айтар ақпараты бар. Шатқалдағы петроглифтерді қызыға тамашалап, таным көкжиегіміз кеңейгендей болды. Мәдени-рухани дамуымызға, ежелгі тарихты тануымызға серпін берді. Осындай шаралар жиі ұйымдастырылса біз сияқты жастарға өте пайдалы болар еді, – деді.
    Білімгерлерді «Таңбалы» шатқалына бастап келген оқытушы-кураторы Кенжебек Болатұлы бұл сапардың шәкірттер үшін нәтижелі өткенін білдірді. Оның айтуынша, оқу орны тарапынан алдағы уақытта да мұндай саяхаттар жүйелі түрде өткізілмек. Өйткені қорық-мұражайдағы жәдігерлердің Жаратылыстану институтының оқу бағдарламасына тікелей қатысы бар. Оқытушының өзі де – осы туризм мамандығын бітірген магистрант.
    Біз оларды көктемде жолықтырған едік. Сол күні жартас суреттерін көруге арнайы ат арытып келген Туризм және спорт академиясының білімгерлерін де кездестірдік. Олар да мұндай саяхаттың туған жердің өткенін білуге, мамандық меңгеруге септігін тигізетінін айтты. Себебі кейін өздері де осындай экскурсия жүргізетін болады. Қалай әңгімелеуді, өздерін қалай ұстауды үйренеді.
    Жастар сол жолы «Таңбалыдағы күнбастылар құпиясы» атты тақырыптық экскурсия бойынша ашық аспан астындағы жәдігерлерді аралады. Теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырған студенттер мұнда тағы келсек деген ниетпен аттанды. Осындай сапардан білімдерін толықтырып, бұдан да көп мағлұмат алатындарына сенімді. «Осы белгілерді тас бетіне қашаған ежелгі адамдар Күнге табынған екен, өздерінің тұрмыс-тіршілігін, наным-сенімін тасқа суретпен жазып кетіпті. Сол белгілердің осы күнге дейін өшпегені таңғалдырады. Алайда табиғи климаттың, құбылыстардың әсерінен және адамдардың жауапсыздығынан жойылу қаупі бар екен. Сондықтан олар қорғауға алынған. Бұл – біздің терең тұңғиықта жатқан тарихымыз», – дейді жастар.
    Таңбалы шатқалында қола дәуірінен бастап біздің заманымызға дейінгі ғасырларды және кейінгі жыл санауымызды қамтыған ежелгі қоныстар, тас қашау орындары, табыну ғимараттары және мыңдаған петроглифтер бар. Мұндағы қорғалатын аймақтың жалпы ауданы – 3800 гектар. Оның 900 гектарына археологиялық орындар кірсе, аралық бөлігін 2900 гектарда орналасқан таңбалы тастары алып жатыр.

    Серік Сатыбалдиев

    Қарабастау ауылы,
    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Ауыл мен қала мектептеріндегі білім сапасы тең болуы керек – Президент

    Алматы облысында қанша мектеп, балабақша бар?

    1 year ago
    Бас жаттықтырушы допинг дауына қатысты пікір білдірді

    Бас жаттықтырушы допинг дауына қатысты пікір білдірді

    2 years ago
    Көлік құралдарын тіркеу және жүргізушілерді даярлау қағидалары өзгерді

    Көлік құралдарын тіркеу және жүргізушілерді даярлау қағидалары өзгерді

    1 year ago
    Жаңа мектепте алғашқы қоңырау соғылды

    Жаңа мектепте алғашқы қоңырау соғылды

    2 years ago
    Шеңгелдідегі суару желілері күрделі жөндеуден өтеді

    Шеңгелдідегі суару желілері күрделі жөндеуден өтеді

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.