⛅
10°C
Қонаев
Дүйсенбі, Қазан 20, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Үздіктер үміті үкіленді

    24.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Қорғаныс, Өңір тынысы, Спорт
    Үздіктер үміті үкіленді
    0
    SHARES
    16
    VIEWS

    ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментіне қарасты Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының полигонында мергендік пен желаяқтықты қатар сынға салған биатлоннан турнир өтті. ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының кубогы үшін өткен сайысқа 15 команда қатысты.  

    Жарыс шекара қызметкерлері арасында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Сайыс талабына тоқталар болсақ, әр команданың құрамында сегіз әскери қызметші болуы тиіс. Олардың екеуі 1500 метр қашықтыққа жүгіріп, Макаров тапаншасынан нысана көздейді. Екі спортшыны 3 шақырымдық жол күтіп тұрды. Мұнда команданың бір мүшесі тапаншадан, екіншісі Калашников автоматынан нысанаға оқ тигізіп, мергендігін танытуы керек. Тағы екі сайыпқыран 5000 метрлік қашықтыққа жүгіреді. Олардың бірінің қолында тапанша, екіншісінің қолында автомат болады.

    Міне, осындай ерекше турнир еліміздің Гимнімен ашылып, бұдан әрі сөз Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы подполковник А.Ахметовке берілді. Басқарма басшысы сайыстың мақсатына тоқталған соң, қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

    Осыдан кейін жарысты қай команданың бастайтынын анықтау үшін жеребе тасталды. Бұдан соң полигонға аттанған қатысушылар дайындықтарын пысықтады. Турнирді қыздар бастап, бір жарым шақырымдық жерді жүгіріп өтті. Ары қарай да жарыс талабына сай өткен сайыста ҰҚК Шекара қызметі Арнаулы мақсаттағы басқармасының командасы әдеттегідей мықтылық танытты. Солтүстік Қазақстан және Абай облыстары департаменттері дайындаған командалар да дес берген жоқ.

    Турнирдың жабылу салтанаты Райымбек аудандық Мәдениет үйінде өтті. Эстафеталық жарыс бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық департаментінің құрама командасы 1-орынды жеңіп алды. Абай облысы бойынша департаментінің кіл мықтыларынан тұратын команда 2-орынды иеленіп, мерейі тасыды. Ал 3-ші орынды ҰҚК Шекара қызметі Арнаулы мақсаттағы басқармасының сайыпқырандары қанжығасына байлады.

    Енді жалпы команда бойынша жеңіске жеткендерге келсек, Арнаулы мақсаттағы басқарманың командасына 1-орын берілді. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің құрама командасы 2-орынды, Абай облысы бойынша департаментінің командасы 3-орынды иеленді. Осылайша, орындарын ауыстырғаны болмаса, ҰҚК Шекара қызметі директорының кубогы үшін өткен турнирде үш команда үздік шықты.

    Жеңімпаз командаларды, жарыс кезінде жоғары көрсеткішке қол жеткізген жекелеген спортшыларды ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары, полковник Арнұр Мұналбаев құттықтап, кубок, грамота және бағалы сыйлықпен марапаттады. Міне, осылайша дүбірлетіп өте шыққан  ведомстволық сайыс қай команданың алдағы тамыз айында өтетін халықаралық турнирге жолдама алатынын көрсетті.

    Тамара Дәулетбаева,

    ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі

    Ұсынымдар

    Табысқа толы 90 жыл: ҚазҰУ қабырғасында бірнеше кітаптың тұсаукесері өтті

    Табысқа толы 90 жыл: ҚазҰУ қабырғасында бірнеше кітаптың тұсаукесері өтті

    2 years ago
    Әскери техникалар мұражайы ашылды

    Әскери техникалар мұражайы ашылды

    1 year ago
    Алматы облысында 200-ден аса ойын терминалдары жойылды

    Алматы облысында 50 заңсыз ойын мекемелерінің жұмысы тоқтатылды

    1 year ago
    Қазақстан атоммен етене таныс мемлекет

    Қазақстан атоммен етене таныс мемлекет

    1 year ago
    Өрт ошағы бақылауда

    Өрт ошағы бақылауда

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>