-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Мәслихат

    Бюджетке өзгеріс енгізілді

    13.07.2024
    in Мәслихат
    Бюджетке өзгеріс енгізілді
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    Қонаев қаласында облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХІV сессиясы өтті. Басқосуға облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым, облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы, құқық қорғау органдарының, департаменттер мен басқармалардың басшылары, Қонаев пен Алатау қаласының әкімдері, мәслихат төрағалары және онлайн режимде аудан әкімдері, мәслихат төрағалары  қатысты. Сессия отырысын облыстық мәслихаттың төрағасы Қуат Байғожаев ашып, жүргізіп отырды.

    Отырыста алғашқы сөз кезегін алған экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Бақыткүл Төлебекова 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы облыстық мәслихаттың № 12-62 шешіміне өзгерістер енгізілуіне  байланысты тиісті салалар бойынша қандай мақсатқа қанша қаражат қарастырылып отырғанына халық қалаулыларының назарын аударды. Одан әрі сөзін сабақтаған Бақыткүл Әкімқызы облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 23 маусымдағы №6-38  және 2023 жылғы 3 мамырдағы №2-14 шешімдеріне өзгеріс енгізуді ұсынды. Одан кейін сөз кезегі облыстық полиция департаменті бастығы орынбасарының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Ақылбек Төлеуовке берілді.

    – Бүгінгі сессияның күн тәртібіне облыстың жол және қоғамдық қауіпсіздігінің зияткерлік жүйесімен тіркелген деректерді беру жөніндегі қызметтер жобасын іске асыру мәселесі енгізілген. Жалпы цифрландырудың арқасында қылмыстың төмендеу динамикасы сақталып отыр. Былтыр еліміз бойынша бейнекамералар арқылы 552,7 мың әкімшілік құқықбұзушылық тіркеліп, 10 мың қылмыс ашылып, 5 миллион жол қозғалысы ережесін бұзу анықталды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі №218 қаулысымен бекітілген «Халықтың табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде ІІМ желісі бойынша «Ауыл халқының құқықтық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету» іс-шарасы қолға алынған. Аталған шара бөлінген бюджет қаражаты шегінде іске асырылады. Құрамында 9100 бейнебақылау камерасы бар «Сергек» жобасы   жол-көлік оқиғалары мен ереже бұзу жағдайларын ізін суытпай анықтап,  қылмысты тергеу және ашуды жеделдетуге мүмкіндік береді Сонымен қатар «Сергек» аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық, өндірістік нысандарды, көпшілік жиналатын орындарды қамтиды. Облыста жалпы және жол қауіпсіздігін қамтамсыз ететін камералар саны – 1024. Бұл еліміздің өзге өңірлерімен салысытрғада өте аз  көрсеткіш болып тұр. 140 адам жол апатынан көз жұмса, 123 адам әртүрлі дәрежеде жарақаттанған, – деген Ақылбек Жаңабайұлы депутаттардан полиция департаментінің жоғары қажеттілігін ескере отырып, жобаны қолдауды сұрады.

    Мінберге шыққан облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Жандос Сәбит «Алматы облысындағы жол және қоғамдық қауіпсіздіктің зияткерлік жүйесінде тіркелген деректерді ұсыну жөніндегі қызметтер» атты мемлекеттік-әріптестік жобасының  облыс көлемінде қалай жүзеге асырылып жатқаны жайлы сөз қозғады. Былтыр «Көркем Телеком» ЖШС өңірдегі жол және қоғамдық қауіпсіздіктің зияткерлік жүйесінде тіркелген деректерді беру жөнінде қызмет көрсеткен. Аймақта 124 аппараттық-бағдарламалық кешен жұмыс істейді. Деректерге сүйенсек, 325 кешен толық қуатымен жұмыс істесе, 5 жыл ішінде айыппұлдан түсетін түсімдер шамамен 51 млрд теңгені құрайды деп болжануда. Бұл бюджетке айтарлықтай үлес қосады және жол қозғалысы мен қоғамдық қауіпсіздікті бақылаудың тиімділігін арттырады. Сондай-ақ жоба аясында 10 мың шақырымға жуық салынатын талшықты-оптикалық байланыс желілері жылдамдығы жоғары интернетке қол жеткізіп, өңірдің коммуникациялық инфрақұрылымын жақсартады. Аталған жобаның облыс тұрғындарының қауіпсіздігі мен өмір сүру сапасын арттыру бағытында жасалған елеулі қадам болғанын алға тартқан басқарма басшысы басты мақсаты айыппұл салу емес, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екеніне сендірді.

    Келесі кезекте облыс әкімдігі жанындағы «Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу,  қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның» дербес құрамын бекіту туралы мәселе қаралды. Консультативтік-кеңесші орган қылмыстық жазалар өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету,оларды оңалту, қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелері қызметінің мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылады. Құрамы денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар, мәдениет, білім беру, кәсіпкерлік, өнеркәсіп, жер қатынастары, дене шынықтыру салаларында  басқаруды және үйлестіруді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар басшыларынан жасақталады.

    Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша бастауыш сынып оқушыларын және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерді бір рет тамақтандыруды ұйымдастыру үшін тамақтандырудың құнын бекіту туралы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Маралбаеваның баяндамасы тыңдалды.

    Баяндамашының айтуынша, бастауыш сынып пен аз қамтылған отбасыларда тұратын, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларды мектепте болған кезінде бір мәрте тамақтандыру бойынша заң талаптарына сай ас мәзірі жасалғанын айтып, құнын белгілеуге ұсыныс білдірді.

    Күн тәртібінегі барлық мәселе дауысқа салынып, шешімдер қабылданды.

    Сессия отырысын облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым қорытындылады.

    Айжарық Көптілеуов,

    Қонаев қаласы

     

    Ұсынымдар

    Қонаевтағы референдумда 70 жасар қария бата беріп, өз таңдауын жасады

    Қонаевтағы референдумда 70 жасар қария бата беріп, өз таңдауын жасады

    8 months ago
    Алматы облысында ана өлімі азайып, нәресте өлімі көбейді

    Алматы облысында ана өлімі азайып, нәресте өлімі көбейді

    2 years ago
    Наурыз мерекесін бірізге түсіру керек – Этнограф

    Наурыз мерекесін бірізге түсіру керек – Этнограф

    1 year ago
    Қос шебер

    Қос шебер

    11 months ago
    Онлайн ойын  опындырып жүрмесін

    Онлайн ойын опындырып жүрмесін

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.