-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    «Жайлы мектеп» жайымен танысты

    03.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Инфрақұрылым, Өңір тынысы, Парламент
    «Жайлы мектеп» жайымен танысты
    0
    SHARES
    36
    VIEWS

    ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Максим Рожин жұмыс сапарымен Қарасай ауданында болып, Қаскелең қаласындағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан 1500 орынды мектеп құрылысымен танысты.

    Жалпы сомасы 6,6 млрд теңгені құрайтын жаңа білім нысанында балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалмақ. Мектепте оқу кабинеттерімен қатар, өңдеу шеберханасы, спорт, мәжіліс залы, асхана, зертханалық және компьютерлік сыныптар, медицина кабинеті болады. Білім ошағы заман та­ла­бына сай құрал-жабдықтармен қам­та­масыз етіледі.

    «Облыстық AMANAT партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы аясында өңірде 26 жайлы мектептің құрылысы қарқынды жүруде. Бұдан басқа биыл 27 мектеп жоспарланған. Ал салынып жатқан бұл нысанның құрылыс жұмысы қазіргі уақытта 60 пайызға аяқталған. Мердігерлер мектеп құрылысын жыл соңына дейін аяқтап, нысанды уақытында тапсыруы тиіс. Әрине, бірінші кезекте мектептің құрылысы жоғарғы деңгейде болса дейміз. Сонымен бірге барлық стандартқа сай болуын, сапалы құрал-жабдықтармен қамтамыз етілуін бақылау қажет. «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынатын мектептердің жиһазы толықтай отандық өнім болуы қажет», – деді Мәжіліс депутаты Максим Рожин.

    Халық қалаулысы сапар аясында іргелі кәсіпорын саналатын «Алатау Прогресс Кз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды. 100-ге жуық адамды жұмыспен қамтыған «Altamir» өндіріс цехының жұмысшыларымен кездесті. Еңбек ұжымына ҚР заңнамасындағы өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіріп, партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Кәсіпорынның құрастыру цехын аралап көріп, шығарылып жатқан өнім түрлерімен танысты.

    Кәсіпорын басшысы Берік Жиембаевтың айтуынша, зауытта өндірілетін мектеп жиһаздары жоғары сұранысқа ие. 2023 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 2 миллиард теңгені құраған.

    «Менің ойымша, «Жайлы мектеп» жобасымен салынатын мектептердің ішкі жабдығы 100 пайыз отандық өнім болуы керек. Және ол барлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі шарт. Осы ретте соңғы кезде өнім өндіруде отандық үлестің салмағы зор екенін атап өтуге болады. Дегенмен, отандық үлесті арттыру және дайын өнімді сату ауқымын кеңейту бағытында әлі де жұмыс артқарылуы тиіс. Өйткені, экономиканың негізгі бөлігі саналатын жеңіл өнеркәсіптің мысын импорт басып жатыр», – деді Мәжіліс депутаты.

    Айта кету керек, халық тығыз қоныстанған Еңбекшіқазақ, Қарасай, Жамбыл, Іле, Талғар аудандарында үш ауысымдық 39 мектеп бар. 26 мыңнан астам оқушыға орын жетіспейді. Жалпы облыста үш ауысымды мектептер мен оқушы орны тапшылығын жою мақсатында облыстық «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы аясында «Жайлы мектеп» жобасымен 53 мектеп салыну жоспарланған.

    Мәди Сайділдин

    Ұсынымдар

    Жаңа қызмет – жаңа міндет

    Жаңа қызмет – жаңа міндет

    1 year ago
    Энергетика саласының ардагері

    Энергетика саласының ардагері

    2 weeks ago
    Қонаевта жаңа форматтағы фестиваль ұйымдастырылады

    Қонаевта жаңа форматтағы фестиваль ұйымдастырылады

    1 year ago
    Президент референдум туралы мәлімдеме жасады

    Президент референдум туралы мәлімдеме жасады

    8 months ago
    Қытай, Ресей және Италия – Қазақстанның сыртқы саудадағы басты серіктестері

    Қытай, Ресей және Италия – Қазақстанның сыртқы саудадағы басты серіктестері

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.