-13 °c
Qonaev
Wednesday, July 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жоспарға сай

    16.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Энергетика
    Жоспарға сай
    0
    SHARES
    18
    VIEWS

           Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңын­да облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруа­­шылық басқармасының басшысы Айдын Бегімбековтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Онда спикер тұрғын үй мәселелерінен бастап, газдандыру, сумен қамту, энергетика салаларында атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады.

    Айтуынша, облыс бойынша тұрғын үй алу үшін кезекте 40629 адам тіркелген. Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 4662, көпбалалы аналар – 11619, халықтың әлеуметтік осал топтары – 32383, бюджет саласының қызметкерлері – 8233, апатты жағдайдағы тұрғын үй деп танылғаны – 13. Былтыр 214 пәтер кілті берілсе, биыл 821 баспананы табыстау жоспарланған. Сонымен қатар өңірде баспаналы болуға «Бақытты отбасы», «7-20-25», «5-10-20» бағдарламалары қарастырылғанын айтты.
    Бұдан әрі спикер өңіріміздегі санитарлық тазарту жұмысы жайлы сөз етті. Баяндамашының айтуынша, облыс аумағында 7 полигон және қалдықтарды уақытша жинайтын 131 орын бар. Жыл сайын шамамен 430 мың тонна қалдық жиналады, оның 112 мың тоннасы қайта өңделеді. Қалдықтарды жинау мен шығару үшін 77 ұйым жұмыс істейді. Сұрыпталған қалдықтардың 450 мың тоннасы Алматы қаласынан Қарасай ауданының Әйтей ауылындағы полигонға, 80 мың тоннасы Талғар ауданындағы полигонға жіберіледі.
    Қонаев қаласын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, 2026 жылдың соңына дейін қалдықтарды сұрыптау желісі бар қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу жоспарлануда. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге облыс бюджетінен 85,0 млн теңге бөлініп, мердігер ұйыммен мемлекеттік сатып алу шарты жасалған. Полигонның құрылысы 2025-2026 жылдарға жоспарланған.
    Айдын Бегімбеков өңірдегі басты мәселелердің бірі газбен қамтамасыз ету екенін атап өтті. Облыста 142 елдімекен газбен қамтылған. Сондай-ақ 1,18 млн адам табиғи газға қол жеткізген.
    – 2024 жылдың соңына дейін өңірді газдандыру деңгейін 52,8 пайызға дейін арттыру және 150 елдімекенді табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарлануда. Қалған 134 елдімекен көгілдір отынға «Алматы облысын 2030 жылға дейін газдандырудың өңірлік схемасына» сәйкес қосылатын болады, – деді спикер.
    Бұдан әрі баспасөз мәслихаты сумен қамтамасыз ету мәселесі жайында өрбіді. Облыстағы су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы – 5128 шақырым, тозу деңгейі 53,5 пайызды құрайды. 2743 шақырым су желілеріне жөндеу жұмысы қажет. Бүгінде су бұру жүйелерін қайта жөндеу және салу үшін 72 жобалық-сметалық құжат әзірленуде.
    Облыс әкімінің тапсырмасымен сапалы суға қол жеткізу мақсатында жоспарлы жұмыстан бөлек, «Alatau Public Utilities» ЖШС құрылған. Оның негізгі бағыттары – сумен қамту және су бұру бойынша бірыңғай оператор құру, су жүйесін цифрландыру, қатты тұрмыстық қалдықтарды басқарудың өңірлік жүйесін ұйымдастыру, зираттардың орналасуы мен орналасуын есепке алу, жылу бойынша бірыңғай оператор құру.
    Айдын Бегімбеков жылыту маусымына дайындық барысы жайында да баяндады. Облыс аумағында сұйық және қатты отынмен жұмыс істейтін, әлеуметтік нысандарды және көппәтерлі тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ететін 1572 автономды қазандық бар. Оның 990-ы жылыту маусымына толығымен дайын.
    Биыл 43 қазандықты жөндеу жоспарланған. Күрделі жөндеу жұмысы жылу өндіруші ұйым есебінен жүзеге асырылады. Бүгінде 21 қазандықта жөндеу жұмысы аяқталған.

    Гүлзат БАЙҚОНЫСОВА

    Ұсынымдар

    ІІМ: Алматы облысы жол апаты ең көп адам құрбан болатын өңірлер қатарында

    ІІМ: Алматы облысы жол апаты ең көп адам құрбан болатын өңірлер қатарында

    2 years ago
    Өнер мектебі өрендер үшін!

    Өнер мектебі өрендер үшін!

    4 months ago
    Дер кезінде қабылданған шешім

    Дер кезінде қабылданған шешім

    2 years ago
    Аудан әлеуеті артып келеді

    Аудан әлеуеті артып келеді

    5 months ago
    Елдің энергетикалық болашағы

    Елдің энергетикалық болашағы

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.