-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    АЛМАТЫДА ҮЗДІК ӘДІСКЕР АНЫҚТАЛДЫ

    21.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Қорғаныс
    АЛМАТЫДА ҮЗДІК ӘДІСКЕР АНЫҚТАЛДЫ
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    Ұттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Ұлттық ұлан офицерлерінің командирлік дайындық деңгейін жоғарылату, бөліністердің қызметтік-жауынгерлік міндеттерінің сапасын арттыру және батальон, рота буынындағы әскери қызметшілердің кәсіптік шеберліктері және озық тәжірибелерімен алмасу мақсатында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер арасында «Үздік әдіскер» байқау-сайысының екінші кезеңі өтті.

    Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Жетісу облыстары және Алматы мен Шымкент қалаларынан келген 37 офицер және 16 сержант мемлекеттік-құқықтық дайындық, қызметтік-жауынгерлік қолдану тактикасы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының Жалпы әскери жарғысын білуден бақ сынасты. Сондай-ақ, сайысқа қатысушылар дене даярлығынан 100 метр, 1 шақырым қашықтыққа жүгіру және белтемірде тартылу, сонымен қатар саптық дайындық пен Калашников автоматын уақытқа шашып-жинау, оқжатарды оқпен толтыру және Макаров тапаншасынан атыс жаттығуларын орындау даярлығы, жекпе-жек ұрысы және алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша сынаққа түсті.

    – Байқаудың мақсаты – әскери қызметтің мәртебесін көтеру, офицерлерді ынталандыру және олардың кәсіби шеберліктерін одан әрі қарай жетілдіру, озық тәжірибелерді тарату, батальон, рота буынындағы офицерлерден кадрлық резерв құру. Байқауға келген барлық офицерлер мен сержанттар тексерілген пәндер бойынша жоғары дайындықтарын көрсетті. Жеңімпаздар алдағы уақытта қызмет баспалдағымен жоғары лауазымға тағайындалуға үміткерлер қатарына қосылады, – дейді Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары, полковник Павел Ситников.

    Айта кететін жайт, осындай байқаудың әскери қызметшілерге беретін тағы бір мүмкіндігі – бұл сайыста «үздік» танылған офицерлер Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында өтетін сайысқа қатысып, одан да үздік болып танылған жағдайда, алдағы қызметінде жоғары лауазымдарға тағайындалуына септігін тигізеді.

    Байқау сынақтан мүдірмей өткен сайыстың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Кеңес Одағының батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің мәдени-демалыс орталығында өтті. Сайыс нәтижесі бойынша «Үздік әдіскер – батальон (дивизион) командирі, арнайы комендатура коменданты» номинациясы бойынша Қызылордадан келген подполковник Жомарт Жұмаділдаев, «Үздік әдіскер – штаб бастығы, батальон (дивизион) командирінің орынбасары» номинациясы бойынша талдықорғандық капитан Әлішер Есмағзамов, «Үздік әдіскер – батальон (дивизион) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары» номинациясы бойынша тағы да қызылордалық капитан Жүрсін Қабдешұлы, «Үздік әдіскер – рота (батарея) командирі» номинациясы бойынша Талдықорғаннан келген аға лейтенант Фархат Амангелдинов, «Үздік әдіскер – рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары» номинациясы бойынша алматылық лейтенант Бекжан Ахметқали, «Үздік әдіскер – взвод командирі» номинациясы бойынша Алматыда қызмет етіп жатқан лейтенант Берік Алжанов, «Үздік әдіскер – взвод сержанты» номинациясы бойынша Тараздан келген аға сержант Мадияр Жақсылық, «Үздік әдіскер – бөлімше (есептоп) командирі» номинациясы бойынша шымкенттік кіші сержант Бексұлтан Қадыр үздік деп танылып, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

    Айта кетейік, байқау-конкурстың 2-кезеңі бойынша үздік атанған офицерлер мен сержанттар алдағы уақытта Астана қаласында Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығында өтетін республикалық сайыста «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының намысын қорғайтын болады.

    ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 

    «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 

    баспасөз қызметі

    Ұсынымдар

    Күрес күшейеді

    Күрес күшейеді

    10 months ago
    Ауызсудан тарықпайды

    Ауызсудан тарықпайды

    11 months ago
    Қонаевта республикадағы ең үлкен скейт алаң салынды

    Қонаевта республикадағы ең үлкен скейт алаң салынды

    2 years ago
    41 тонна тұрмыстық қалдық шығарылды

    41 тонна тұрмыстық қалдық шығарылды

    11 months ago
    Муайтайдан Алматы облысының біріншілігі жалау көтерді

    Муайтайдан Алматы облысының біріншілігі жалау көтерді

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>