-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Күріш алқабын аралады

    11.10.2024
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Күріш алқабын аралады
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

            Балқаш ауданында БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз туры өтті. Алдымен журналистер Миялы ауылдық округіне қарасты «Ынтықбай» шаруа қожалығында болды.

    – Бұл тұқым – Қазақстанның өз өнімі. 1930-1980 жылдары «Шропшир» және «Прекос» қошқарларымен будандастыру арқылы пайда болған. Кезінде «Дегерес» тұқымы Балқаш ауданында өсірілген. Биязы жүнді, құйрықты қой ыстық-суыққа төзімді және шөп талғамайды. Бұл жүнді-етті бағыттағы қой тұқымын бізден сатып алуға қызығушылық танытып отырған шаруашылықтар аз емес. Бүгінде 1500 бас саулық өсіріп отырмыз. Алдағы уақытта мал басын көбейту жоспарда бар. Биылғы төлін 50 мыңнан сатамыз. Аналықтары 100 мыңға дейін барады. 100 бастың 20-30 пайызы егіз туады. Жақында бір шаруа қожалығының басшысы 500 бас төл сатып алуға ниетті екенін білдірді. Өкінішке қарай, жүнге деген сұраныс жоқ. Әрбір қойдың жүнін 700 теңгеден ақы төлеп қырықтырамыз. Қытай мен Монғолиядан көшіп келген қандастар бір келісін 10-15 теңгеден алады. Онда да аз мөлшерде. Қалған жүнді көміп немесе өртеп жібереміз, – деді елімізде жойылып бара жатқан «Дегерес» қойын өсіретін шаруа қожалығының иесі Нұрлан Әбдіманапұлы.
    Ауылдық округтегі мал дәрігер­лерінің айтуынша, шаруашылық­тың 4 қыстауындағы асылтұқымды қойлар 15 түрлі жұқпалы індетке қарсы егіледі. Қан алу, тексеру, вакцинация жоспарға сай жүргізілуде.
    Келесі кезекте БАҚ өкілдері «Динара» өндірістік кооперативінің күріш алқабына аялдады. Өндірістік кооперативтің басшысы Мырзақасым Әйменов пен орынбасары Бекен Басшыбаев егістікті аралатып, шаруа­шылық жайлы ақпарат берді.
    – Күріш орағының науқаны аяқталуға жақын қалды. Бүгінгі күні 2 гектардай ғана жер орылмады. Уақыт талабына сай заманауи комбайндар мен басқа да техникалар жеткілікті. Жұмысты бастағанымызға 24 жыл болды. Мемлекеттен жанар-жағармай жеңілдікпен беріледі. Күріш жинау бойынша гектарына орта есеппен 45 центнерден өнім алынуда. Күріштен басқа жүгері, бидай, арпа, жоңышқа және тағы басқа бақша дақылдарын егеміз. Қазір осы алқапта жиналып жатқан – күріштің «Янтарь» деп аталатын сорты. Оның тұқымын Қызылорда өңірінен алдық, – деді Мырзақасым Әйменов.
    Бекен Басшыбаев аталған өндіріс­тік кооператив 140 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырғанын тіл­ге тиек етті. Жыл сайын Наурыз мерекесінде еңбек озаттары марапат­талатынын жеткізді. Сонымен бірге ара-тұра судан тапшылық көрген­дерін де жасырмады. Одан кейін журналистер аудан орталығы Бақанас ауылындағы балалар мен жасөс­пірімдер спорт мектебіне атбасын бұрды. Мұнда директордың міндетін атқарушы Фархад Мұсаев спорт үйірмелеріне қатысатын балалардың жаттығу залдарын аралатып, олардың жетістіктерін санамалап айтып берді.
    Баспасөз туры аудан әкімінің орынбасары Марлан Жолдахметтің сұхбатымен мәресіне жетті.
    – Бүгінгі күні күріш дақылын ору жұмысы қарқынды жүргізілуде. Биыл 6696 гектар алқапқа дән себіл­ген болатын. Гектарына орташа өнімділігі 43,1 центнерді құрап отыр. Әрбір шаруа қожалығына мемлекет тарапынан субсидия беріліп келеді. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында былтыр 133 тұрғын 964,4 теңге несие алып, өз кәсіптерін жүргізуде. 122 азамат шағын несиеге 893,5 млн теңгеге құжаттар рәсімдеді. Бұрын аталған бағдарлама аясында несие алушылардың көпшілігі мал шаруашылығымен айналысқан. Қазіргі кезде бал арасын өсіру, құс шаруашылығы, шұбат өндірісі, шаштараз және тағы басқа да бағыттар бойынша жобалар дайындалды, – деп сөзін түйіндеді аудан әкімінің орынбасары Марлан Қалдиханұлы.

    Таңжарық Бақтыбайұлы

    Ұсынымдар

    Бірлескен іс нәтижелі

    Бірлескен іс нәтижелі

    1 year ago
    Қайырымды іске үлес қосты

    Қайырымды іске үлес қосты

    1 year ago
    Сахара сандуғашы

    Сахара сандуғашы

    4 months ago
    Қарқара тарихына үңілді

    Қарқара тарихына үңілді

    12 months ago
    «Әкем – тірегім, анам – жүрегім» атты ашық есік күні өтті

    «Әкем – тірегім, анам – жүрегім» атты ашық есік күні өтті

    2 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.