-13 °c
Qonaev
Sunday, May 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    “Жолан жүйрігі” ат бәйгесі мәресіне жетті

    24.07.2023
    in Ауыл тынысы, Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Идеология, Мәдениет, Өңір тынысы, Саясат, Спорт
    “Жолан жүйрігі” ат бәйгесі мәресіне жетті

    Фото: Дастан Қасенұлы

    0
    SHARES
    38
    VIEWS

    Райымбек ауданының Қарасаз ауылында ұлттық ат спорты түрлерінен «Жолан жүйрігі» ат бәйгесі өтті. Дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен және Қырғызстаннан келген жалпы саны 180-нен аса тұлпар мен шабандоз қатысты. Аламан бәйге мен топ бәйгенің алдында келген тұлпарлардың иесі автокөлік иеленсе, құнан бәйгенің жеңімпазы 2 миллион теңгемен марапатталып, «Алатау арғымағы» атанды.

    Барлығымызға белгілі, 2018 жылы Жолан Омаров Райымбек ауданының Шалкөде жайлауында ат спортын дамыту мақсатында «Жетісу жүйрігі» бәйгесін ұйымдастырған болатын. Бабадан қалған өнердің аспантау өлкесінде кең қанат жаюына марқұм Жолан Омаров жол ашты десек, артық айтпаймыз. Сол дәстүрлі дода осы жолы облыс, аудан әкімдіктері мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен «Жолан жүйрігі» деген атпен өтті.

    Бәйгенің басы «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон бәйгесіне Алматы облысының іріктеуінен бастау алды. Кеген ауданына қарасты Түменбай ауылынан таң азанмен жарыс жолына шыққан жүйріктер 3 сағат шамасында 75 шақырым жолды шауып өтіп, Қарасаз ауылына келді. Алыстан қарасы көрінген тұлпарларды мәреден тосқан көрермендер қиқулап қарсы алды. Ұзақ қашықтыққа шапқан тұлпарлар арасынан мәре сызығын бірінші болып Қарасаз ауылының Тасқын атты сәйгүлігі кесіп өтіп, 1 миллион теңге ақшалай сыйлықпен марапатталып, «Алатау арғымағы – 2023» атағын жеңіп алды. Екінші орынды Қожан Жігердің тұлпары, үшінші орынды Серікжан Жақсылықтың, төртінші орынды Данияр Мұхтарұлының аты иеленді.

    «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон бәйгесіне іріктеу аяқталысымен «Жолан жүйрігі» республикалық ат бәйгесінің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді. Бәйгенің құрметті қонақтары Жолан Омаровтың әкесі Ыбырыйақын Омарұлы, ағасы Ұлан Ыбырайақынұлы, Райымбек ауданының әкімі Берік Дүйсенбаев, грек-рим күресінен Бейжің Олимпиадасы ойындарының күміс жүлдегері, Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев, Алматы облысының ұлттық спорт және ат спортын дамыту дирекциясының директоры Елдос Тілебалдиев, А

     

    1 of 7
    - +

    1.

    2.

    3.

    4.

    5.

    6.

    7. Фото: Дастан Қасенұлы

    лматы облыстық бәйге федерациясының президенті Нұрым Қырғызбай, «Қол тума» компаниясының президенті Ертілеу Сатыбалды, Райымбек аудандық бәйге федерациясының директоры Ержан Молдахметов сахна төріне шақырылды. Ашылу рәсімінде алғашқы құттықтау сөз кезегін Райымбек ауданының әкімі Берік Дүйсенбаев алып, осы бәйгенің өтуіне тікелей себепкер болып отырған Жолан Омаровтың ерен еңбегін ел алдында атап өтті. Сонымен қатар, бәйгені ұйымдастыруға белсене атсалысып, демеушілік жасаған Жоланның бауырларына, дос-жарандарына, Жоланның атын құрмет тұтып келген қалың қауымға алғысын білдірді. Сондай-ақ, Ыбырайақын Омарұлына Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасын тапсырып, иығына шапан жапты. Сөз тізгінін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев алып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Осы сәтті пайдалана отырып, басқарма басшысы Алматы облыстық бәйге федерациясының директоры Нұрым Орынтайұлы мен Берік Өмекейұлына Алғыс хат табыс етті. Мінбеге Жолан марқұмның әкесі Ыбырайақын Омарұлы көтеріліп, ел-жұртына алғысын білдірді. Ұлының есімі ескеріліп жатқанына қуанышты екенін айтып, толқынысын жасыра алмады. Райымбек аудандық бәйге федерациясының директоры Ержан Молдахметов есті сөз айтып, Жоланның артында қалған тұяғы Сұлтан Жоланұлына қазақтың қасиетті домбырасын сыйға тартты. Марқұмның алдындағы ағасы Ұлан Омаровқа шапан жауып құрмет көрсетті. Бәйгенің салтанатты ашылуы аудандық көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламасымен аяқталды.

    Бәйгенің басы әдеттегідей дуалы ауыз қариялардың ақ батасымен басталды. Ауданымыздың аты аңызға айналған ақсақалы, 50 жыл ат баптап, жүйрік жүгірткен, атақты бүркітші, ардагер атбегі Қонысбай атамыз бата берді.
    Алдымен жарыс жолына құнандар шықты. Ә дегенде сөреден жалпы 60 құнан аттанды. Бабы мен бағы қатар шапқан құнандар іріктеліп алдыға шықты. Соның ішінде 59 құнанды артына тастап, мәреге бірінші болып балқаштық Дильнур атты шабандоздың Маржан атты сәйгүлігі келді. Ат иесі Қайсар 2 миллион теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды. 2 орын Алматы қаласы, «Нұрай» шаруа қожалығының атына тиді. Шабандозы – Айғаным. 3 орынды Жамбыл облысынан келген Айдаралының мінген құнаны Марат Құдайбергеновтің Темірхан атты құнанына бұйырды. 4 орынды Мұқағали шабандоздың тақымындағы Жамбыл ауданынан келген Айдынның Айқара атты құнаны еншіледі. 5 орынды Хамза атты шабандоз тізгіндеген Мұраттың тұлпары Асылқасқа атты құнан алды. Жүлделі орыннан көрінген 5 құнанға да ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

    Келесі топ бәйгеге кезек келді. Бұл жолы 50 тұлпар бақ сынады. Бірінші айналымда-ақ үзеңгі қағыстырып алдыңғы топқа 6 ат шықты. 1-орынды иеленіп жеңімпаз атанған – Әлішер шабандоз. Жамбыл ауданынан келген Еділдің «Секрет» атты жүйрігі алдына қара салмай, су жаңа автокөлік жеңіп алды. 2-орын Мирас есімді шабандозға бұйырды. Жамбыл облысынан Дархан Тарашиевтің тұлпары 3-орыннан, Талғар ауданынан Абунасыр шабандоздың жүйрігі 4-орыннан көрінді.

    «Жолан жүйрігі» республикалық ат спорты ойындарының дүбірлі додасы Аламан бәйге басталғанша орталық алаңда қазақ халқының ұлттық ойындары қыз қуу, теңге ілу болды. Бәйге тамашалауға келген көрермендер өнерпаз қыз-жігіттерге қошемет көрсетіп, қол соқты.

    Топ бәйгеден кейінгі жарыс аламан бәйгеге 64 ат қосылды. Атшабардың шаңын аспанға көтеріп ұрандаған шабандоздар тұлпарларының тізгігін босатып, аламанды бастап кетті. Іркес-тіркес болып алғашқы айналымнан 35 шақырымға аттанды. Ұлы аламанда Жолан марқұмның ағасы Ұлан Омаровтың Сайгон атты тұлпары бірінші келіп, су жаңа автомобиль иеленді. 2-орын жетісулық Асылжан шабандоздың аты «Вальчок» тұлпарға, 3-орын Қордайдан «Басбермеске», 4-орын «Тайван» тұлпарға, 5-орын Жамбыл ауданының «Самир» атты сәйгүлігіне бұйырды. Жүлделі орыннан көрінген тұлпарлардың барлығы ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Бірінші орын алған аттар «Алатау арғымағы – 2023» атағын иеленді.

    Дастан Қасенұлы,
    Райымбек ауданы

     

    1 of 7
    - +

    1.

    2.

    3. Фото: Дастан Қасенұлы

    4.

    5.

    6.

    7.

    Ұсынымдар

    Аэромобиль қатынайды

    Аэромобиль қатынайды

    3 months ago
    Қазақтың келіндері-ай!

    Қазақтың келіндері-ай!

    4 months ago
    Бұл да өтер…

    Бұл да өтер…

    1 year ago
    Ынтымақтастық кеңейеді

    Ынтымақтастық кеңейеді

    7 months ago
    Медициналық сақтандырудың  мүмкіндігі мол

    Медициналық сақтандырудың мүмкіндігі мол

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.