-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Референдум күні ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды

    06.10.2024
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар, Референдум
    Референдум күні ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Референдум күніне орай, Кеген ауылындағы Өжек Жаңабаев атындағы орта мектебінде орналасқан №55 дауыс беру учаскесінің алдына ауылшаруашылық көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрмеге Талды ауылынан келген «Зейін» шаруа қожалығы 2 тонна картобын әкелсе, Бөлексаз ауылы қымызын, Кеген ауылы «Адал ет» өнімдері, яғни  қой, сиыр етін, Тасашы ауылының кәсіпкері Игілік Әбдірәсіл бал өнімдерін көпшілікке ұсынды.

    Мұнда да сайлаушылар учаскелерге келіп, азаматтық ұстаным танытып, өз таңдауын жасады.

    Әсем Шанбаева,  №558 дауыс беру учаскесінің төрағасы:

    -Референдумға дауыс берушілердің саны 1402, қазіргі сағатта қатысу пайызы жоғары. Қазірдің өзінде 500-ден астам сайлаушы дауыс беріп кетті. Белсенділігі жақсы. Бақылаушылар «Аманат» партиясынан, «Дауыс» қоғамдық ұйымынан келіп отыр, – дейді.

    Мұнда дауыс беруге келген зейнеткер Шыңғыс Тұрсынов:

    -Мен жақын жерде тұрамын. Бүгін мен алдымен дауыс беруге келдім. Азаматтық ұстаным баршаға маңызды деп санаймын. Еліміздің болашағы бізге байланысты, халқымызға бірлік, елімізге бейбітшілік тілеймін! – дей келе өтіп жатқан референдумға сәттілік тіледі.

    Еске салайық, бүгін қазақстандықтар атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдумда дауыс береді.

    Дәурен Әбутәліпов

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    КӨКСЕҢГІР РУХТЫ  СЕРІК ӘБДІРАЙЫМҰЛЫ

    КӨКСЕҢГІР РУХТЫ СЕРІК ӘБДІРАЙЫМҰЛЫ

    2 years ago
    Сатира сардары

    Сатира сардары

    12 months ago
    Ардагерлерге құрмет көрсетті

    Ардагерлерге құрмет көрсетті

    4 weeks ago
    Әз-Наурыздағы ұлттық ойындар бәсекесі

    Әз-Наурыздағы ұлттық ойындар бәсекесі

    3 months ago
    Электр құрылғыларын пайдалану қағидалары және қауіпсіздік ережелерін сақтау

    Электр құрылғыларын пайдалану қағидалары және қауіпсіздік ережелерін сақтау

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>