-13 °c
Qonaev
Saturday, July 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Рекордсмен Темір Спатаев  ұландық сарбаздармен кездесті

    20.10.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Рекордсмен Темір Спатаев   ұландық сарбаздармен кездесті
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

    Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының жауынгерлері қазақ еліне танымал спортшы, рекордсмен Темір Спатаевпен жүздесті.

    Күш экстримі бойынша бірнеше дүркін рекорд иесімен кездесу «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар басқармасының ұйымдастыруымен жүзеге асты. 3660 әскери бөлімінде өткен шараға 250-ден аса сарбаз қатысты.

    Темір Спатаев спортта жүргеніне 30 жылға жуықтаған. Ол кездесу барысында биік белестерді тек ерен еңбектің арқасында бағындырғанын баяндап берді. Сарбаздардың дене шынықтыру және моральдық дайындығының маңыздылығын талқылап, мықты тұлға болып қалыптасудағы патриотизмнің рөлін атап өтті. Армандарға жетудің жолдарымен бөлісіп, құқықтық тәртіп әскері жауынгерлерін салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

    Темір Спатаевтың күш экстримі бойынша кәсіби түрде айналысып, рекорд орнатып жүргеніне жеті жылдай болған. Негізгі мақсаты – қара күшті елге, әлемге насихаттау екен.

    – Спортты жаным сүйеді. Мақсатым – осы спорт түрін елге, әлемге танытып, жастар арасында насихаттау. Өскелең ұрпақты шыңдап, білімді етіп, патриоттық сезімін оятқым келеді. Сондықтан оқушылармен және қазақ әскеріндегі сарбаздармен жиі кездесіп жүрмін. Әрине айналысып жүрген ісімді өзім ғана білсем деген ой жоқ. Әр қазақстың баласы мықты болсын. Біз батыр бабаларымыздың ұрпағы екенімізді ұмытпауымыз керек, – дейді рекордсмен.

    Кездесу кезінде қара күш иесі әскери қызметшілер арасында белтемірге тартылу, гір тасын көтеру, салмағы 25 келі болатын болат қылышты бір қолымен тіке ұстап тұру секілді жарыстар ұйымдастырды. Жақсы нәтиже көрсеткен ұландықтарға алыптар сайысы бренді бейнеленген футболкалар тарту етті.

    Әскери қызметтегі нәзік жанды арулар арасында да болат қылышты бір минуттан аса көтерген лейтенант Әлия Әбдіғалиеваға қара күшпен темір шегеден жүрек пішінін жасап, тарту етті. Кездесу соңында сарбаздар қонақты ортаға алып естелік фотоға түсті.

    Айта кетейік, Темір Спатаев халық арасында «темір адам» деген лақап атпен танымал. Ол армрестлингтен халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Азия чемпионы, Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» төсбелгісінің иегері. Мас-рестлингтен әлем чемпионатының жүлдегері. Сонымен қатар, ол «Толағай» ұлттық спорт федерациясының негізін қалаушы.

    ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 

    «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 

    баспасөз қызметі

    Ұсынымдар

    Озық ойлы ұлт оқудан қол үзбейді

    Озық ойлы ұлт оқудан қол үзбейді

    1 year ago
    Музей – тарих қоймасы

    Музей – тарих қоймасы

    11 months ago
    Ермахан Ыбрайымов: «Мен АЭС-ті қолдаймын!»

    Ермахан Ыбрайымов: «Мен АЭС-ті қолдаймын!»

    9 months ago
    Президент әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар тапсырды

    Президент әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар тапсырды

    2 months ago
    Төрт министр мен Президент Әкімшілігінде бірқатар басшы қызметінен босатылды

    Төрт министр мен Президент Әкімшілігінде бірқатар басшы қызметінен босатылды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.