-13 °c
Qonaev
Thursday, June 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Адал еңбек бақытқа бөлейді

    28.11.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Адал еңбек  бақытқа бөлейді
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Земскихтердің шаруа қожалығын «қиял мен еңбек аралы» деп атаса еш артық­тығы жоқ шығар. Он гектар аумақ­та жеміс ағаш­тарын, әсіресе тәттілігі тіл үйір­е­­тін алмұрт өсіріп, әдемі үй тұрғызып, оны «жәннат бұрышына» айнал­­дырған отбасының еңбегі мен қиялының нәтижесін көрген жан­ға ең алдымен осы ой келері сөзсіз.

    Мұны Земскихтер отбасының өмір салты деуге әбден болады. Олар осыдан 23 жыл бұрын Есік қаласынан Талғарға көшіп келіп, осы қаланың жоғары жағындағы топырағы жеміс ағаш­тарын күтіп-баптау үшін аса құнарлы, табиғаты әсем «Мелиоратор» шағын- ауданының маңынан жер алып, шаруа қожалығын құрады. Үй бикесі Наталья Земскихтің айтуынша, бұл істі бастау оңай болмапты. Алғашқыда шаруа қожалығын құру ісін күйеуі Александр Андреевич қолға алып, қандай жеміс ағаштарын өсіруге болатынын айқын­дайды. Соған қарай жер сатып алады. Сөйтіп, күндіз-түні тынымсыз еңбек етіп, оны әбден баптап, 7,4 гектар жерге ең тәтті әрі шырыны мол саналатын «Талғар сұлуы» алмұртының көшет­терін отырғызады. Қосымша тағы 1,7 гектар жер сатып алып, оған қарағай, шырша, туя сияқты қылқан жапырақты ағаштардың көшетін егеді. Алғашқы кезде мұның бәрі оңай соқпайды, өйткені жер тегіс емес, өңкей тас араласқан төбешіктер мен сай-салалар болғандықтан, біраз тер төгіп, қаржы жұмсап тегістеуге, бәрін өздері ойлаған­дай етіп реттеуге тура келеді.
    Бастапқы жылдары көшеттерді отырғызу, олардың өсуі мен дамуы көп қиындық туғызады. Өйткені зиян­ды жәндіктердің әсерінен алмұрт көшетінің біразы ауруға шалдығады. Бірақ өз жұмысын жақсы білетін және бастаған ісін ешқашан жарты жолда тастамайтын еңбекқор Александр Андреевич тынымсыз еңбек етіп, жас бақты жиі дәрілеп, ұқыпты күтіп-баптауының арқасында аман сақтап қалады. Бұл істе оған мамандығы жерге орналастырушы және бақ өсіруде біраз тәжірибесі бар Олегтің көп көмегі тиеді. Ол тиянақты түрде көшеттерді дәрілеп, өңдеумен айналысады. Ал екі қызы – Елена мен Надежда бақты күтіп-баптаудың басқа да жұмыстарымен бірге, ата-анасына өндірілген өнімді өткізуде көп көмегін тигізеді. Осылайша өзара түсіністік пен ауызбіршіліктің арқасында міндеттерін жауапкершілікпен атқаратын отбасы шағын шаруа қожалығының жұмысын ойдағыдай жолға қойып, жақсы табыс тауып отыр.
    Биылғы жыл да Земскихтердің отбасы үшін табысты болды. Бақтан тәбетіңді ашып, жеген сайын жегің келетін жасыл түсті «Талғар сұлуы» алмұртынан 30 тонна өнім алынып, Алматы жанындағы «Алтын орда» көтерме сауда базарында түгелдей сатылды. Оған қоса, жұртшылық қылқан жапырақты ағаштардың көшетін де көптеп сатып алуда. Шаруа қожалығы келесі жылы жер көлемін ұлғайтып, қосымша алма ағашын отырғызуды, ал алмұрт ағашының санын көбейтіп, одан алынатын өнімді жергілікті базарларда сатуды жоспарлап отыр.
    Шаруа қожалығының иелері тұратын сәулетті үй де ағаштан тұрғызылған. Оның ішіндегі жиһаздарды да әдемі ағаш сұрыптарынан өздері жасаған. Үйдің жанында бірнеше қатар қарағай ағашы өсіп тұр, олардың иісі қарағай орманын еске түсіреді. Бұл жерге келген кез келген жан қаланың шулы өмірі мен күнделікті күйбең тіршілікті ұмытып, өзін жәннат бұрышына тап болғандай сезінетіні сөзсіз. Осылайша шағын ғана шаруа қожалығы бұл отбасы мүшелерін ортақ кәсіп, табыс арқылы бір мақсатқа біріктіріп, күнкөрістің негізгі көзін құрап отыр. Сондықтан да Земскихтер кәсіпке деген құштарлық пен адалдық, еңбексүйгіштік адамдарға мол табыс әкеліп қана қоймай, қуаныш пен бақыт сыйлайды деп есептейді. Лайым, адал еңбек етіп, табысты кәсіп иесі атанған жандар қатары жыл санап көбейе бергей!

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Министр интернетті үнемдеуге шақырды

    Министр интернетті үнемдеуге шақырды

    2 years ago
    Аманаттықтар ерекше қажеттілігі бар балаларға инватакси сыйлады

    Аманаттықтар ерекше қажеттілігі бар балаларға инватакси сыйлады

    4 months ago
    «Алаш топтамасын» тапсырды

    «Алаш топтамасын» тапсырды

    10 months ago
    Күдеріден киім тіккен

    Күдеріден киім тіккен

    2 years ago
    Қонаев әкімі ауыл мектебіндегі асхана жұмысын тексерді

    Қонаев әкімі ауыл мектебіндегі асхана жұмысын тексерді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.