-13 °c
Qonaev
Monday, June 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Әскери ант – Отанға адалдық белгісі

    04.11.2024
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Қорғаныс, Құқық-заң
    Әскери ант – Отанға адалдық белгісі
    0
    SHARES
    24
    VIEWS

    Бүгін еліміздің шығысы мен батысындағы өңірлерінде жас шекарашы сарбаздар қолдарына алғаш рет қару ұстап, Отанына адал қызмет етуге салтанатты түрде ант берді. Ал осынау маңызды сәтті өз көздерімен көріп, ер-азаматтарының өміріндегі маңызды сәтке куә болу үшін алыстан олардың ата-әже, әке-шеше, туған-туыстары мен достары келді.

    Сондай шаралардың бірі ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментіне қарасты Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасының Ақжардағы техникалық және кәсіби-даярлық бөлімінде өтті. Жас жауынгер сынын сәтті еңсерген 500-ден аса жас сарбазды департамент бастығы полковник Ә.Каюпов, «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы отставкадағы генерал-лейтенант Б.Сәрсеков, Қазақстан Республикасы Мас-Рестлинг (таяқ тарту) федерациясының вице-президенті Т.Қаналиев, запастағы полковник  Д.Мамырханов бастаған шекарашы ардагерлер қатысып, оларды шекарашы атануларымен құттықтады.

    ҰҚК Шекара қыметінің әлеуметтік желідегі ресми сайты арқылы республика жұртшылығы тікелей эфирден тамашалаған рәсімнің жоғары деңгейде өткенін, әсіресе ұландарының қуанышына ортақтасуға асыққан ата-аналардың қуанышты жүздерінен байқауға болады. Солардың бірі, 75 жастағы Б.Дүйсеғалиева тұңғыш немересінің қуанышына ортақтасу үшін Батыс Қазақстан өңірінен келіпті. Ортаға шығып, ант қабылдауға кіріскен немересіне мейірлене қарап тұрған тағы бір әжейді көзіміз шалып, осынау көңіл толқытарлық сәтті суретке түсіріп алуға асықтық…

    Осылайша, шара кезіндегі әрбір сәтті назардан тыс қалдырмауға тырысқан біз арасында «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Бексұлтан Сәрсекұлын сөзге тартқан едік.

    – Бүгін ерекше күн! Жас сарбаздар ант қабылдап жатыр. Тәуелсіз елдің шекарасын қорғайтын да осы жастар. Аға буын атынан айтарым, ата-бабаларымыздан  аманат болып қалған ұлан-ғайыр жеріміздің әрбір сүйемін көздеріңнің қарашығындай қорғаңдар. Халқымыздың өздеріңе артқан сенімдерін ақтаңдар, – дейді өзінің саналы ғұмырын еліміздің қауіпсіздігіне арнаған сардар.

    Айту керек, бүгін «Срочник 2.0» бағдарламасына қатысқан «Күз-2023» шақырылымының екі сарбазы, қатардағы жауынгерлер А.Артықжанов пен Е.Тілеубекке департамент бастығы полковник Әлібек Каюпов сертификат тапсырды. Бұл сертификаттар қос шекарашының еліміздегі өздері таңдаған жоғары оқу орындарында білім алуға берілген жолдама. Сондай-ақ, бүгінгі шара кезіндегі тағы бір айшықты оқиға, жақында оқу орталығында өткен «Таяқ тарту» сайысының жеңімпазы атанған бірнеше сарбазды ҚР Мас-Рестлинг (таяқ тарту) федерациясының вице-президенті Т.Қаналиев мақтау қағазы және медалмен марапаттады.

    Әрі қарай, шара шекара басқармасының арнайы мақсаттағы ұтқыр іс-қимылдар тобының жауынгерлік ұрыс қимылдарына арналған сахналық көріністеріне ұласты. Отанын қорғау үшін оттан да, судан да тайсалмайтын сайыпқырандардың саптық алаңдағы әбжіл қимылдары олардың алдыңғы шепте жүрер алдаспан жасақ, әскер элитасы екенін паш етіп тұр. Сондай-ақ, ҰҚК Шекара қызметі Қызметтік кинология басқармасының кинологтары жұртшылықтың алдында шеберлік дәрісін паш етті. Иесінің әрбір бұйрығын қалт еткізбей орындаған шекарашы иттердің өнері көпшілікті тәнті етпей қойған жоқ.

    Міне, жас азаматтардың өміріндегі маңызды сәттердің біріне айналған ант қабылдау рәсімінен кейін сарбаздар ата-ана, туған-туыстарымен қауышып, мәре-сәре болған. «Шекарашы болдым, мінеки» деген мақтанышты жүздерінен жасыра алмаған болашақ ел қорғандары да осынау сәтті қалай асыға тосты, десеңізші?!

    Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,

    ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі

    Ұсынымдар

    Қонаевта “Шахмат керуені” өтті

    Қонаевта “Шахмат керуені” өтті

    2 years ago
    Жолдауға қолдау көрсетейік

    Президент әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды

    7 months ago
    Алматы облыстық ауруханада пренатальды диагностиканың инвазивті әдістері жүргізіледі

    Алматы облыстық ауруханада пренатальды диагностиканың инвазивті әдістері жүргізіледі

    2 years ago
    Отбасы орталығы ашылды

    Отбасы орталығы ашылды

    6 months ago
    Жемқорлық дерегі азаймай тұр

    Жемқорлық дерегі азаймай тұр

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.