-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Апат айтып келмейді

    07.11.2024
    in Барлық жаңалықтар, Қауіпсіздік, Төтенше жағдай
    Апат айтып келмейді
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

     Табиғаттың тосынсыйына дайын болып, төтенше жағдай кезінде жүйелі әрі жылдам қимылдау маңызды. Айтып келмейтін апаттың зардабын тас-түйін дайындық қана азайтып, мол шығынның алдын алады. Осыған орай аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиевтің тапсырмасымен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қаупі мен оларды жоюмен байланысты жұмыстарды пысықтау мақсатында облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы, төтенше жағдайлар департаменті және Еңбекшіқазақ аудандық әкімдігі бірлесіп, оқу-жаттығу өткізді.

    «Техногендік сипаттағы қауіп немесе төтенше жағдайлар кезін­дегі басқару органдарының, төтенше жағдайлар қызметінің және халық­тың іс-әрекеті» тақырыбында ұйымдас­тырылған кешенді оқу-жаттығу екі күнге жалғасты.
    Жаттығудың бірінші күні теорияға арналса, екінші күні тәжірибеге кезек берілді. Алдымен аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның жоспардан тыс отырысы өтті. Оған комиссия төрағасы, мүшелерімен қатар облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Ғалым Тоқпейісов, аталған басқарманың аумақтық және азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы Еркін Қиялбеков, облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, подполковник Ералы Разақұлов қатысты.
    Күн тәртібінде 2024-2025 жылдар­дағы жылыту маусымына дайын­дық, жалпы қыс мезгіліндегі табиғи апаттардың алдын алу және оларды жою бойынша жауапты мекемелердің дайындығы мен тиісті іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстары пысықталды. Алғашқы болып аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, майор Нұртас Уәлижан сөз алып, 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысында Еңбекшіқазақ аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және №3 өрт сөндіру бөлімінің, №11 Шелек ауылындағы өрт сөндіру бекетінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, өрттің алдын алу мақсатында 15 қазанда басталған тұрғын үй секторларында профилактикалық іс-шаралар жүргізу жұмысы келесі жылдың 15 сәуіріне дейін жалғасатынын айтты. Ауыл-ауылды аралап жүрген өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері апатты жағдайдың алдын алу, газ баллондарды пайдалану, өрт қауіпсіздігіне қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, 5312 дана жадынама парағын таратқан.
    Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспек­циясы бөлімі басшысының орынбасары Ермаханбет Нұрадин от жағу маусымына дайындық барысын баяндадады. Ол өз сөзінде аудандағы 75 көпқабатты тұрғын үйді жылыту үшін 21 БМҚ жұмыс істеп тұрғанын, апатты жағдай орын алса, жедел жөндеу жүргізу қарастырылғанын, денсаулық сақтау мекемелері, мәдениет және спорт нысандары сұйық отынмен қамтылғанын айтты.
    Аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Медет Жанабілов қыс мезігілінде әлеуметтік маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстау жұмыстары жайында есеп берді. Ауданда жалпы автомобиль жолдарының ұзындығы 2555 шақырым болса, оның 391 шақырымы республикалық, 627,3 шақырымы облыстық және 1329,9 шақырымы аудандық маңызы бар жолдар. Халықаралық маңызға ие «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомобиль жолының 157 шақырымы аудан аумағымен өтеді. Жоғарыда аталған жолдарды қысқы мерзімде күтіп-ұстауға жауапты мекемелер мен ондағы техника санын тізіп шыққан бөлім басшысы аудандық маңызы бар жолдарға себу үшін 230 тонна тұз бен 60 тонна құм сатып алынатынын, сондай-ақ қыс кезінде жыл сайын қар үйіліп қалатын учаскелер ерекше бақылауда екенін жеткізді.
    Келесі кезекте сөз алған аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрболат Серғали: «Зілзала, табиғи және техногендік апат пен өзге де төтенше жағдай туындаған кезде құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін 7 құрылым жылжымалы тамақтандыру пункті, азық-түлікпен қамтамасыз ету бойын­ша 11, киім-кешекпен жабдықтау бойынша 6 және жанар-жағармай тасымалдау бойынша 3 құрылым құрылып, әрқайсысына командирлер тағайындалды. Техникалары бар. Бірін­ші қажеттіліктегі тауарларды жеткізу бойынша кәсіпкерлермен 27 меморандум жасалды. Төтенше жағдай туындағанда қызметке дайын­дық уақыты 2-3 сағатты құрайды. Таман­тандыру пункті шамамен 24 сағат ішінде бір реттік тамақпен 800-1000 адамды қамтыса, жылжымалы киіммен жабдықтау пункті де дәл сонша адамды қамтамасыз етеді. Жанар-жағармай қоры 5 мың тоннаны құрап отыр», – деді.
    Комиссия отырысынан кейін сейсмикалық жаттығу басталды. Дабыл қағылып, Еңбекшіқазақ аудандық ТЖБ апаттық-құтқару жұмысын жүргізді. ТЖМ жанындағы 28237 әскери бөлімі Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің аумағында зардап шеккен халықты қабылдау пункттерін дайындап, жабдықтады. Онда эвакуацияланған адамдарды орналастырып, тіркеп, медициналық, психологиялық көмек көрсетілді. Алғашқы көмек көрсету, санитарлық шығындар пунктіне тасымалдау сынды жұмыстар атқарылды. Төтенше жағдай кезінде сел жүру қаупі де ескеріліп, Есік өзенінің аңғары тазаланды.
    Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Ғалым Қасымұлы: «Апат айтып келмейді. Төтенше жағдай орын алса, азаматтық қорғаныс құрылымдары, жергілікті басқару органдары, басқа да жауапты мекемелер жедел әрі жүйелі әрекет етуі керек. Материалдық-техникалық ресурстары да сақадай-сай болуы тиіс. Оқу-жаттығу кешенінің негізгі мақсаты – осыны айқындау. Мамандарды оқытып, дайындықтарын пысықтау. Мұндай іс-шаралар төтенше жағдайда жедел әрекет етіп, апат зардабын азайтуда көмек болары сөзсіз», – деді.
    Иә, «Сақтансаң, сақтаймын» демекші, айтып келмейтін апатқа дайын отыру қажет-ақ.

    Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Алатаудың алтын қызы

    Алатаудың алтын қызы

    3 months ago
    Сан емес, сапа маңызды

    Сан емес, сапа маңызды

    6 months ago
    Алматы облысында бәсекелестікті қорғау шаралары күшейтілуде

    Алматы облысында бәсекелестікті қорғау шаралары күшейтілуде

    9 months ago
    «Самға» – қанатын қайта қомдаған саңлақ

    «Самға» – қанатын қайта қомдаған саңлақ

    5 months ago
    Тарихыңды  таны, көрмеге кел!

    Тарихыңды  таны, көрмеге кел!

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.