-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Өлеңмен өрілді

    23.11.2024
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Өңір тынысы
    Өлеңмен өрілді
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

           Балқаш ауданы Бақбақты ауылдық Мәдениет үйінде жергілікті қаламгер, ұлағатты ұстаз Шұға Смағұлованың «Өлеңмен өрілген өмір» атты шығармашылық кеші өтті.

    Мәдени шараны белгілі ақын, «Жетісу» газетінің бас редакторы Жұматай Оспанұлы ашып, кеш иесін сахна төріне шығарды. Шұға Смағұлованың қаламгерлік қыры мен ұстаздық жолына кеңінен тоқталды. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Гүлзат Сәлімжанова ол кісінің ұрпақ тәрбиесіне қосып жатқан еселі еңбегін сөз ете келе, аудан әкімінің Құрмет грамотасын табыстады. «Бірлік» кәсіподағы ұйымының төрағасы Сайран Смағұлов, Д.Қонаев атындағы халықаралық қордың вице-президенті Дәулетбек Жанботаев, ауданның Құрметті азаматы Зәуреш Демеуқұловалар жылы лебіздерін арнап, сый-сияпат көрсетті. Шығармашылық кешке арнайы келіп, өздерінің ақ тілектерін ақтарған құрметті қонақтар арасында ақынның туыстары, сыныптастары, ұстаздар қауымы, шәкірттері де болды. «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Мұхтар Күмісбек келесі жылы ұстазының жыр жинағын шығаруға демеушілік жасайтынын айтып, дүйім жұрттың алдында уәде берді. Бұл жайдарман жаңалыққа көпшілік қуана қол соқты.
    Кеште Шұға Смағұлованың сөзіне жазылған Тасболат ­Тастанбековтың «Бақбақтым менің» әні әуелете шырқалып, жиналған жұртқа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар республикаға танымал дәстүрлі әнші Арафат Искаков, ақын, сазгер ­Дәулетбек ­Жанботаев, Миялы ауылдық клубының директоры Гүлмира ­Рахимова, Бақбақты ауылдық Мәдениет үйінің жанынан құрылған әжелер ансамблінің мүшелері әннен шашу шашты. №1 Жамбыл атындағы орта мектеп оқушылары ақын өлеңдерін жатқа айтты.
    Шараға жиналған қауым Шұға Смағұлованың шығармашылық салада жеткен жетістіктері жайында кеңінен әңгіме өрбітті. Осылайша ақындық өнерді жанына серік еткен ұлағатты ұстаз, ауданға танымал ақын, аяулы ана, асыл әже, ел-жұртының алғысына бөленіп жүрген жанның шығармашылық кеші көпшіліктің есінде көпке дейін ұмытылмай, ел аузында айта жүретіндей әсерлі өтті.

    Өз тілшіміз
    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Ахыска түріктері

    Ахыска түріктері

    1 month ago
    Жазушы аға бейнесі

    Жазушы аға бейнесі

    4 months ago
    Балаларға арналған ерікті жинақтау жүйесі құрылады

    Балаларға арналған ерікті жинақтау жүйесі құрылады

    2 years ago
    Облысқа салынған инвестиция көлемі артты

    Мәртебесі өзгерген Қонаевта қандай жұмыс атқарылды?

    2 years ago
    Алматы облысында мемлекеттік қаржыны жымқырудың бірнеше фактісі әшкереленді

    Алматы облысында мемлекеттік қаржыны жымқырудың бірнеше фактісі әшкереленді

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.