-13 °c
Qonaev
Friday, May 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қарасазды қайта түлеткен

    29.11.2024
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Қарасазды қайта түлеткен
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

           Райымбек ауданы Қарасаз ауылындағы Еркін Ібітанов атындағы Мәдениет үйінде Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, еңбегімен ел есінде қалған Кәкен Есмолдаевты еске алу кеші өтті. Аталған шараға ауыл тұрғындары мен алыстан ат арытып келген қонақтар арнайы қатысты.

    Ардагердің 100 жылдығына арналған кеш айтыскер ақын Даубай Әбдісаевтың жыр-шашуымен басталды. Жиналған көпшілік 1961-1972 жылдары Энгельс (қазіргі Қарасаз ауылы) атындағы ұжымшар төрағасы болған Кәкен Есмолдаевтың сіңірген еңбегіне жан-жақты тоқталды. Аталған шарада өткеннен сыр шертетін «Ел есінде – Есмолдаев» атты деректі фильм көрсетілді.
    Кәкен Есмолдаев 1942 жылы майданға аттанады. Жапон соғысына дейін қатысып, елге 1947 жылы оралған. Ол кісінің бұдан кейінгі өмірі тұралап қалған шаруашылықты қалпына келтіруге арналады. Комсомол мен партия ұйымында белсене жұмыс істейді. Өзіне жүктелген міндетті жауапкершілікпен атқарады. 1961 жылы ұжымшарға төрағалық қызметке келеді. Деректі фильмде жаңа басшының ауылды көркейтуге қосқан үлесін сол кезде ұжымшар есепшісі болған Қуанышбек Қойбағаров, ауыл тарихын зерттеп жүрген Елеусіз Ахметкерімов және Кәкен Есмолдаевтың қызы Фарида апай да әсерлі әңгімеледі. Бұдан кейін төрағаның көзін көрген еңбек ардагерлері Нұрлан Құдабаев, Әбдіш Сұлтанаев, Көшербай Қазыбаев, Әділжан Нөкеев, Бақыт Сағымбаевтар ұжымшар басшысының ерен еңбегіне тоқталды.
    Кәкен Есмолдаевтың тұсында ауылда сегізжылдық мектеп, ауыл кеңесі, монша, дүкен, аурухана, пошта ғимараттары бой көтерген. 1968 жылдан бастап ауданда алғашқы болып үш қабатты онжылдық жаңа мектеп пайдалануға беріліп, соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіш орнатылады. Мәдениет үйі де есігін айқара ашады. Ұжымшар мал шаруашылығы мен егін шаруашылығында алдыңғы қатардан көрінген. Кәкен Есмолдаев ­«Қазақстанның оқу-ағарту ісінің үздігі» белгісімен, «Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет» ордендерімен марапатталған. Іскер басшы, ұйымдастыру ісінің шебері болған төраға аудандық партияның бюро мүшесі, екі мәрте облыстық мәслихаттың депутаттығына сайланған. Бұл жөнінде Нұрлан Құдабаевтың әңгімесі көптің көңілінен шықты. «Кәкен аға Қарасаздың қазіргі келбетін қалыптастырды. Ауылды көркейтуге көп еңбек сіңірді, алайда оның аты бір көшеге бұйырмауы – бәрімізге сын. Ол кісі ақын Мұқағалидың талантын алғаш мойындап, құрмет көрсеткен. Сондай-ақ ақын Еркін Ібітанов та ұжымшардың толағай табысын жырына қосқан. Алдағы уақытта Есмолдаевтың есімін жаңғырту мәселесін қолға алған жөн», – деді. Бұл пікірді жиналған көпшілік бірауыздан қолдады,
    Кешке ұйытқы болған Қарасаз ­ауылының әкімі Дидар ­Мұхаметжанов Фарида Кәкенқызына және ауыл ақсақалдарына сый-сияпат көрсетті. Басқосуда асыл азаматтың рухына Құран бағыштап, дастарқан жайылды. Сонымен қатар игілікті істі ұйымдастыруға атсалысқан Гүлшат Қыпшақоваға көпшілік ризашылығын білдірді.

    Жексен Алпартегі
    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Үздік нәтиже көрсетті

    Үздік нәтиже көрсетті

    2 months ago
    Министр интернетті үнемдеуге шақырды

    Министр интернетті үнемдеуге шақырды

    2 years ago
    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

    10 months ago
    Интернет алаяқтықпен күрес күшейтілді

    Интернет алаяқтықпен күрес күшейтілді

    4 weeks ago
    Жаңа бөлімше ашылды

    Жаңа бөлімше ашылды

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>