⛅
-1°C
Қонаев
Сенбі, Ақпан 7, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Заманауи аурухана салынады

    01.11.2024
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Инфрақұрылым
    Заманауи аурухана салынады
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

           Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі балмұздақ және пакеттегі сүтті өндіретін ең ірі кәсіп­орынның бірі саналатын «Шин-Лайн» ком­паниясы мен Оңтүстік Корея Рес­публикасының «Hyundae hospital» ауру­ха­насының өкілдерін қабылдады.

    Басқосу барысында Байсерке ауылында салынатын, пациенттерге ортопедия мен травматология, кар­диология мен нейрохирургияға дейінгі қызметтердің кең спектрін ұсына алатын 200 төсектік көпсалалы аурухана құрылысының жайы сөз болды. Аталған медицина мекемесі «Шин-Лайн» компаниясы мен Оңтүстік Корея Республикасының «Hyundae hospital» бірлескен кәсіпорын форматында жүзеге асырылмақ. Құрылыс бюджеті 72 миллион АҚШ долларына бағалануда.
    Марат Елеусізұлы меймандарға Алматы облысы жайлы мол мағлұмат беріп, жаңа аурухананың құрылысы 2027 жылы аяқталып, өңір тұрғында­рына жоғары сапалы қызмет көрсетуге қол жеткізуді қамтамасыз ететін маңызды медициналық орталыққа айналуы тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ «Шин-Лайн» және «Hyundae hospital» сияқты ірі серіктестермен ынтымақтастықтың облыс үшін бірегей мүмкіндіктер ашатынын және уақыт талабына сай аурухана мен жаңа жұмыс орнын құру аймақтың дамуына елеулі үлес қосатынын тілге тиек етті.
    «Шин-Лайн» ком­паниясының басшысы Андрей Шин екіжақты ынтымақтастықтың арқасында жүзеге асқалы отырған жобаның болашағы жайлы сөз қозғады.
    «Hyundae hospital» компаниясының президенті Ким Бу Соп Қазақстан олардың компаниясы үшін стратегиялық ма­ңызды серіктес екенін және бір­лескен жобалар халықаралық бай­ланыстарды нығайтатынын айтты. Жаңа медициналық орталықтың екі ел мамандарының тәжірибе алмасу кеңістігіне айналатын маңызды нысан болатынын жеткізді. Өз ау­руханаларының Кореядан басқа да елдерде бар екенін алға тартты. Сонымен қатар «Шин-Лайн Хендэ ауруханасы» жобасының таныстырылымы жасалды.
    Маңызды кездесу ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қою рәсімімен қорытындыланды. Бұл құжат ұзақ мерзімді өзара ынтымақтастық аясында аурухананы дамытуға ықпал етеді. Мақсаты – әрбір тараптың рөлі мен міндетін нақтылау. Осы меморандум аясында әр тарап үздіксіз процесті қамтамасыз ету үшін тығыз жұмыс істейді. Маңызды шешімдер өзара келісім бойынша қабылданатын болады. Аталмыш жоба жүзеге асса, облысымыздың медицина саласының дамуына айтарлықтай үлес қосылмақ.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Алматы облысы әкімдігі мен ШҰАА келісімге қол қойды

    Алматы облысы әкімдігі мен ШҰАА келісімге қол қойды

    3 years ago
    Дамуға бастар даңғыл жол

    Дамуға бастар даңғыл жол

    2 months ago
    Алматы облысында экологиялық саясаттың іске асырылуы

    Алматы облысында экологиялық саясаттың іске асырылуы

    1 year ago

    Ауылшаруашылығындағы ауқымды жұмыс

    2 years ago
    Жаңа футбол алаңы ауыл жастарын қуанышқа бөледі

    Жаңа футбол алаңы ауыл жастарын қуанышқа бөледі

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>