-13 °c
Qonaev
Friday, May 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңа мүмкіндік бастауы

    28.11.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Жаңа мүмкіндік бастауы
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

             Желтоқсан айында Қарасай ауданы Елтай ауылдық округіне қарасты Көкөзек ауы­лын­­да құрылысы жүріп жатқан «Imagine Apple Logistics» жауап­кер­шілігі шек­теулі серіктестігіне тиесілі терминалдың бірінші кезеңі іске қосылады деп күтілуде. Алғашқы уақытта кәсіпорында 600 адам еңбек ететін болса, толық қуатына енгенде мыңнан астам адам жаңа жұмыс орны­мен қамтылады деп жос­пар­ланған.

    – «Imagine Apple Logistics» кәсіп­­орны негізі 1995 жылы қаланған. Ол «Apple City Corps» компаниясына еншілес болып саналады,­ – дейді кәсіп­орын директоры Ләззат Абдрахманова. ­­– Бұл жерде «Apple City Corps» компаниясы әлемге танымал «Procter & Gamble», «Mondelez JDE» сынды компаниялардың ұлттық дистрибьютері екенін айта кеткім келеді. Сонымен қатар ол ұлттық компания ретінде P&G желісімен бірлесе отырып, Қырғызстан және Өзбекстанмен тығыз қарым-қатынас орнатқан.
    Ләззат Амангелдіқызының айтуын­ша, бұл жерде бой көтерген зама­науи қоймалар еліміздің логис­тика­лық мүмкіндіктерін кеңейтудің ұзақ мерзімге арналған стратегиялық жоспары саналады. Алғашқы логис­тикалық терминал былтыр Астана қаласында бой көтерген болатын. Алайда Қарасай ауданында салы­нып жатқан «Imagine Apple Logistics» кәсіпорны Астанадағыдан әлдеқайда үлкен. Бұл түсінікті де. Себебі Алматы өңірі қашанда еліміздегі маңызды әрі шешуші логистикалық орталық болып саналатынын ешкім жоққа шығара алмайды. Ал жаңа кешен компанияның мүмкіндігін ұлғайтып қана қоймай, өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсарта түседі. Яғни жергілікті бюджетке қомақты қаржы түсірумен қатар елдімекендерді абаттандыруға, жол қатынасын жақсартуға септігін тигізеді деп күтілуде.
    Аталған жобаның басты тапсырыс берушісі – «ПК Эффект» ЖШС. Ал техникалық қадағалауды «Engineering Servicеs» мамандары жүзеге асырып келеді. Кешенге тиесілі жердің жалпы көлемі 85 мың шаршы метр болса, оның 40 мың шаршы метріне 200 мың тонна жүк тасымалдауға арналған терминалдар орналасады. Ал 2031 жылға дейін кешеннің қуаттылығы 500 мың тоннаға жетіп, мыңнан астам маман еңбек етеді деп күтілуде.

    Жоба бойынша, мұнда негізінен қойма ғимараттары, жүктерді сұрып­тайтын цех, гараж бен көлік жуатын орындар, сонымен бірге инженерлік жүйелер орналасады. Ал кешен­нің магистральды жолдарға жақын орналасуы жүріп-тұрудың қарапайым әрі оңай болуына мүмкіндік береді.
    Ләззат Амангелдіқызының ай­туын­­ша, кәсіпорын айналасындағы жерлер мен елдімекендерді абаттан­дыруға, жолдарды ретке келтіріп, жұмыс­шы­лардың қатынауына қолай­лы жағдай туғызуды да басты мақсат етіп қойған.
    Бүгіндері кәсіпорын өңірге көгіл­дір отын жеткізуді қолға алып отыр. Желтоқсан айында бірінші кезеңін іске қосу үшін алдымен электрмен, телекоммуникациямен қамтамасыз ету маңызды. Бұл шараларды облыстың қолдауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес екені түсінікті. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің кезекті сапарында бұл мәселелер де талқыланып, бүгіндері нақтылы жұмыс атқарылуда.
    «Imagine Apple Logistics» жобасы компания үшін ғана емес, сонымен қатар үлкен көлемде инвес­тиция тарту арқылы өңірдегі бизнестің өркен жаюына да әсер етеді. Жаңа жұмыс орындарын ашу жергілікті тұрғындардың әлеу­меттік мәселелерін шешіп, өмір сүру сапасын арттыра­тыны сөзсіз. Сонымен қатар заманауи маман­дықтарға деген сұраныстың артуы жастарды жұмыспен қамтама­сыз етуге мүмкіндік береді.
    Орта Азияда теңдесі жоқ логис­тикалық орталықтың ашылуы Алматы облысын ғана емес, жалпы ел эконо­микасын алға жылжытуға, алыс-жақын шет мемлекеттермен тиімді байланысты орнатуға зор үлес қосады.

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Алтын тұғырда ана тіліміз тұрсын!

    Алтын тұғырда ана тіліміз тұрсын!

    1 year ago
    Қонаевта триатлоннан республикалық чемпионат өтті

    Қонаевта триатлоннан республикалық чемпионат өтті

    2 years ago
    Дыбысты дабыл қосу алгоритмі қайта қаралып жатыр

    Дыбысты дабыл қосу алгоритмі қайта қаралып жатыр

    1 year ago
    2024 жылғы су тасқыны: әлеуметтік көмек, үйлер мен инфрақұрылымдар салу және қалпына келтіру

    2024 жылғы су тасқыны: әлеуметтік көмек, үйлер мен инфрақұрылымдар салу және қалпына келтіру

    5 months ago
    Іле ауданында орман өртінің алдын алу оқу-жаттығуы өтті

    Іле ауданында орман өртінің алдын алу оқу-жаттығуы өтті

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.