Қарасай ауданындағы Олимпиадаға даярлық орталығында қазақтың көрнекті спортшысы, Олимпиада чемпионы Ольга Шишигинаның жүлдесі үшін жеңіл атлетикадан ашық республикалық жарыс өтті. Қырғызстаннан, Алматы, Қарағанды, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Алматы және Жетісу облыстарынан 11 мен 17 жас аралығындағы 300-ден аса спортшы қатысып, 16 спорт түрінен сайысты.
Қатысушылардың барлығы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің, колледждер мен интернаттардың тәрбиеленушілері.
«Спорт балалық шақтан басталады. Сондықтан біз аталмыш жарыстарға еліміздің әр өңірінен ұл-қыздарды шақыруға тырысамыз. Биыл бұл сайысқа көрші Қырғызстаннан да спортшылар келді. Бала бүгін спорт секциясына тартылса, ертең шенін алып, біраз уақыттан кейін ұлттық құраманың мүшесі болады», – деді Ольга Шишигина.
Жарыстар жеңіл атлетиканың бірнеше түрлері бойынша өткізілді: жүгіру (жас санаттарына сәйкес қысқа, орта және ұзақ қашықтыққа), кедергілермен жүгіру, ұзындыққа секіру, биіктікке секіру, сырықпен секіру, жүгіру (3000 метр және 5000 метр).
«Мұндай іс-шараларға кәсіби спортшылардың қатысуы салауатты өмір салтына ынталандырады. Дене шынықтыру мен спортты дамытуда жақсы үлгі болып табылады. Өздеріңіз білесіздер, Ольга Шишигина спорттық мансабын аяқтап, қоғам игілігі үшін табысты еңбек етіп келеді. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды. Бүгінде ол республикада өзінің спорттық бағытын дамытуға белсене араласып, бірнеше жылдан бері балалар арасында жарыстар ұйымдастырып келеді. Олимпиада чемпионының жүлделері үшін жарыстар алғаш рет 2015 жылы өтті. Биылғы жылға жаттықтырушылар маңызды спорттық міндет қойды, яғни, келер жылы ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасының чемпионаты мен кубогына балалар мен жасөспірімдер арасында облыстық жасөспірімдер құрамаларын жасақтау», – деді Алматы облысының жеңіл атлетикадан аға жаттықтырушысы Валерий Еремин.
Глаголев Георгий бірден екі алтынды – 200 метрге және 400 метрге жүгіруде қоржынға еншіледі. Кирилл Савченко (200 метрге жүгіру), Максим Еремин (1500 метрге жүгіру) алтын алса, күміс жүлде Ілияс Қайсар (1500 метрге жүгіру), Кирилл Маликов (800 метрге жүгіру), Певнева Милана (400 метрге жүгіру), Ангелина Янышевская (60 метрге жүгіру) және Кирилл Савченкоға (60 метрге кедергілермен жүгіру) бұйырды.