Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін ең өзекті мәселелердің бірі. Ол экономиканың өркендеуіне тосқауыл қойып қана қоймай, қоғамдағы әділдік пен сенімді әлсіретеді. Сондықтан, жемқорлықпен күрес — әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Жемқорлық дегеніміз — қызметтік өкілеттігін жеке басының пайдасына жарату. Мұндай әрекеттер заңға қайшы ғана емес, ел болашағына жасалған үлкен қиянат. Себебі, жемқорлық орын алған жерде адал еңбек, әділ бәсеке және халықтың билікке деген сенімі жойылады.
Қазіргі таңда елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күшейтіліп келеді. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, заңдар жетілдірілуде. Дегенмен, бұл мәселемен тек құқық қорғау органдары ғана емес, бүкіл қоғам болып күресуіміз қажет. Әрбір азамат пара беруден де, алудан да бас тартуы тиіс.
Жемқорлықтың алдын алудың ең тиімді жолы- тәрбие мен білім. Жас ұрпаққа адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты құндылықтарды сіңіру маңызды. Отбасынан бастап, мектепте, жоғары оқу орындарында бұл тақырыпқа ерекше көңіл бөлінуі керек.
Қорытындылай келе айтарымыз, сыбайлас жемқорлықпен күрес- ұзақ әрі жүйелі процесс. Тек заңмен ғана емес, сана мен мәдениетті өзгерту арқылы бұл дерттен арылуға болады. Әділ қоғам құру — әрқайсымыздың қолымызда.
Осы тұрғыда ауылдық округ әкімдігінде мамандармен үнемі түсіндіру жұмысы жүргізіледі.
Рүстем Әлімов,
Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі
Кеген ауданы
