-13 °c
Qonaev
Friday, May 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Асқар тау аласармайды

    02.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Саясат
    Асқар тау аласармайды

    SONY DSC

    0
    SHARES
    4
    VIEWS

          Тау алыстаған сайын биіктей түседі. Осы бір нақыл сөз халқына қалтқысыз қызмет еткен тұлғалардың асқақ бейнесін көз алдыңа келтіреді. Уақыт көші алға жылжыған сайын есіл ерлердің есімдері асқақтап, ел-жұрты оларды емірене еске алады. Мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділов сондай дара тұлғалардың бірі және бірегейі еді. Көзі тірісінде мемлекетіміздің гүлденуіне зор үлес қосты. Ұлт болашағы үшін аянбай тер төкті. Адалдықты, әділдікті ту еткен қайраткердің рухына тағзым ету – бүгінгі ұрпақтың парызы.

    Кеше Кегендегі балалар өнер мектебінің ауласы алыс-жақыннан жиналған жұртшылыққа толды. Өйткені дәл осы ғимараттың алдында Заманбек Қалабайұлының ескерткіш-бюстінің ашылу салтанаты өтті. Айтулы шараға облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, танымал тұлғалар, қайраткердің отбасы мүшелері мен аудан тұрғындары қатысты. Бұл шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асырылды. Сонымен қатар аталған өнер мектебіне заңғар тұлғаның есімі берілді.
    Қайраткерге арналған ескерткіш-бюстті облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов, қоғам қайраткерлері Тоққожа Естенов пен Болат Нұрғазиев, Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов ашты. Ақ жаулықты аналар шашу шашты. Тау тұлғаның асқақ бейнесін көрген жұрт ерекше тебіренді. Өйткені бұл күнді бәрі асыға күткен еді.
    Салтанатты жиында облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов қайраткер еңбегінің ұлт тарихында мәңгі сақталатынын жеткізді.
    – Заманбек Қалайбайұлы – ел дамуына елеулі үлес қосқан тұлға. Еңбек жолын 1985 жылы бастап, Алматы облысының әкімі, ҚР Төтенше жағдайлар агенттігінің төрағасы қызметтерін абыроймен атқарған. Бұл ескерткіш-бюст – халқымыздың перзентіне деген шынайы құрметінің белгісі. Осындай тұлғаларды ұрпаққа мұра ету – біздің ортақ парызымыз. Мүсін авторлары Айдос Бүркітбаев пен Тимур Нұрмұхаметовке асқақ туындысы үшін барша тұрғындар атынан алғыс білдіремін, – деді Нұржан Кеңесұлы.
    Бұдан кейін сөз алған Тоққожа Естенов пен Болат Нұрғазиев, асылдың тұяғы Қайрат Заманбекұлы естеліктер айтып, мүсіннің ашылуына ұйытқы болған азаматтарға алғыстарын жеткізді.
    Шараға қатысушылар Заманбек Қалабайұлының ескерткіш-бюстіне гүл шоқтарын қойып, қайраткердің рухына тағзым етті. Салтанатты рәсімнен кейін қатысушыларға Заманбек Нұрқаділовтің өмірі мен қызметі туралы «Не только о себе» атты кітаптың 300 данасы таратылды.
    Айта кетейік, Кеген ауылындағы Заманбек Нұрқаділов атындағы өнер мектебі 2015 жылы құрылған. Мұнда домбыра, қобыз, баян, дәстүрлі ән, эстрада-вокал, хореография, бейнелеу, мүсін және сәндік-қолданбалы өнер бағыттары бойынша білім береді. Бүгінгі таңда мектепте 890 оқушы білім алуда.
    Мектептің бөлімшелері аудандағы 12 елдімекенде орналасқан. Оқушылардың жетістіктері айтарлықтай. Республикалық, халықаралық байқауларда жүлделі орындардан көрініп жүр. Мектеп ауласында орнатылған қайраткер мүсіні жас ұрпақтың бойына Отанға деген сүйіспеншілікті одан сайын арттыра түсетіні анық.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Қонаевта — “Төрлет, әз-Наурыз” мерекелік думаны

    Қонаевта — “Төрлет, әз-Наурыз” мерекелік думаны

    1 year ago
    Metito компаниясы Алматы облысында су тазарту және кәріз жүйесін жүргізуге мүдделі

    China Railway Қонаев қаласы мен G4 City жобаларына қатысуға мүдделі

    2 years ago
    ҚХР Төрағасы Қазақстанға сапарлап келді

    ҚХР Төрағасы Қазақстанға сапарлап келді

    11 months ago
    Өтініштер ескерусіз қалмайды

    Өтініштер ескерусіз қалмайды

    11 months ago
    Ислам және исламофобия: қиындықтар мен мүмкіндіктер

    Ислам және исламофобия: қиындықтар мен мүмкіндіктер

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>