-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Сарыжазым – атамекенім

    28.12.2024
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Руханият
    Сарыжазым – атамекенім
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

           Райымбек ауданының ­Сарыжаз ауылындағы ­Алтынбек Сәрсенбаев атындағы орта мектепте осы мекеннің төл тумасы Тұрсынбай Рамазанұлының «TURAN» баспасынан жуырда ғана жарық көрген «Сарыжазым – атамекенім» атты жыр кітабының тұсауы кесілді.

    Тұрсынбай Рамазанұлының мамандығы – мұғалім. Саналы ғұмырының 40 жылдан аса уақытын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаз жас буынға химия пәнінен дәріс берді. Менделеев элементтердің кестесіндегі құпиясы мен қыр-сырына қанықтырып, бойларына ізгілікке толы тәлім-тәрбие құндылықтарын сіңірді. Ұлағат иесінің өзгелерден бөле-жара айтатын ерекшелігі – химияға екі қайнаса сорпасы қосылмайтын, арнайы оқу-тоқуы жоқ қасиетті поэзияны өміріне өзек, сезіміне серік ете білгені. Айналасындағы шетсіз-шексіз құбылысқа ақын көзімен қарап, өзіндік ой түйгені. Кеудесіне ұялаған сырлы сезімдерін жүрек тілімен сөйлетіп, тылсым дүниемен үндестіре алғаны.
    Сырты шырайлы нұрға, іші шұрайлы жырға толы жаңа кітаптың тұсаукесеріне ауыл тұрғындары, ұстаздар, осы өңірден шыққан қаламгерлер, алыс-жақыннан келген меймандар қатысып, ақынның қуанышына ортақтасты. «TURAN» баспасында басылған «Сарыжазым – атамекенім» жинағының редакторы – республикалық «Балдырған» журналында бас редактор болып ұзақ жылдар жемісті қызмет атқарған белгілі қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Дүйсен Мүсірәліұлы. Айта кету керек, Дүйсекең Тәңіртау етегінен шыққан қаламгерлердің тырнақалды туындыларына редакторлық жасап, жарыққа шығуына үнемі қолдау көрсетіп келеді. Мұндай азаматтығы үшін Дүйсенге айтар алғыс та ерекше. Ал алғысөзін жазған Халықаралық айтыс, жыр-терме одағының мүшесі, айтыскер ақын, бірнеше өлең кітаптың авторы – Даубай Мамытұлы.
    Бұл күнгі кітаптың тұсаукесер рәсімінің тізгінін Даубай ақын ұстап, Тұрсынбай Рамазанұлының поэзиясы жайлы қысқаша баяндады. Өрнекті оймен өріліп, көркем тілмен кестеленген өлеңдерінің біразына талдау жасады. Жаңа кітаптың өнбойы өмір-өзеннің қалтарыс-бұлтарысы, көлеңкелі тұстары, адами құндылықтарға тән қасиеттер, туған жер мен елге, Отанға деген сүйіспеншілікке құрылған. Айналадағы қоршаған ортаға, табиғатқа деген жанашырлық, қоғамның жетістіктері мен керағар құбылыстары мейлінше көрініс тапқан. Бұл – кітап авторының ұлттық әдебиеттің кәусарынан молынан сусындап, көп іздене білгенін көрсетсе керек. Кітапты парақтаған жырсүйер қауым осындай ой түйетіні анық.
    Шарада алғаш сөз алған аудан әкімінің орынбасары ­Жанарбек Жақсылық елі мен жеріне, ұрпақ тәрбиесіне сіңірген еселі еңбегі үшін биылғы Тәуелсіздік мерекесінде «Райымбек ауданының Құрметті азаматы» деген абыройлы атаққа ие болған Тұрсынбай ақынды тағы бір қуанышы – жаңа кітабының жарық көруімен құттықтады. Аудан әкімі Берік Дүйсенбаевтың ыстық ықыласқа, тілек-ниетке толы сәлем хатын тапсырып, арқасына шапан жапты. Келесі кезекте мінбеге көтерілген ­Дүйсен Мүсірәліұлы, ­Жантелі Мұқи, Бексұлтан ­Көлбаев, ­Берік ­Сыдықов, Жібек ­Қырықбаева, ­Қонысбай Рамазанов, тағы басқа да меймандар ақжарма тілектерін арнады. Мектеп оқушылары ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Кеште әуелеген әсем әндер шараның шырайын келтірді. Жаңа кітаптың тұсауы кесіліп, көпшілікке ұсынылды. Білім ошағында өткен тұсаукесер рәсімі жырсүйер қауымды айрықша әсерге бөледі.

    Жұмабек Тұрдиев

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Тоғызқұмалақтан облыстық чемпионат өтті

    Тоғызқұмалақтан облыстық чемпионат өтті

    1 year ago
    Төртінші рет топырақ басты

    Төртінші рет топырақ басты

    1 year ago
    Қонаевта ерекше балаларды мерекемен құттықтады

    Қонаевта ерекше балаларды мерекемен құттықтады

    2 years ago
    Қонаевта Республика күніне орай кезекті акция өтті

    Қонаевта Республика күніне орай кезекті акция өтті

    2 years ago
    Инвестиция  –  ел игілігі

    Инвестиция – ел игілігі

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>