-13 °c
Qonaev
Thursday, June 12, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жастарды жігерлендірді

    24.12.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Жастарды жігерлендірді
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Жастарды ынталандыру мақсатында Ұйғыр ауданы әкімінің «Үздік жас – 2024» жастар сыйлығы тағайындалған болатын. Аталмыш сыйлыққа үміткер 16-35 жас аралығындағы ауданның жастары бекітілген ережеге сәйкес құжаттарын тапсырды. Осы орайда құрылған комиссия жинақталған құжаттарды белгіленген талап бойынша қарап, талқыға салып, 10 бағыт бойынша үздіктерді анықтады.

    Жүлдегерлерді марапаттап, сыйлықтарын табыстау шарасы аудандық Мәдениет үйінде өтті. Онда құттықтау сөз сөйлеген Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусізова жеңімпаздарға ақшалай сертификат пен естелік сыйлықтар табыс етті.

    Атап айтар болсақ, «Үздік жас студент» номинациясына Шонжы политехникалық колледжінің білімгері Қадір Бақытұлы қол жеткізсе, «Үздік жас әскери қызметкер» бағыты бойынша Қалжат шекара бекетінің әскери қызметкері Еркін Сүлейменов марапатталды. Құсайыновтар отбасы «Үздік жас отбасы» деп танылса, «Үздік жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы» номинациясына Мунира Эльшадқызы ие болды. «Үздік жас ерікті» сыйлығын Батур Розахунов, «Үздік жас дәрігер» номинациясын аудандық орталық аурухананың қызметкері Исламжан Абдувалиев иеленді. Ал Шарын ауылының ең жас спортшыларының бірі, халықаралық дәрежедегі жүлдегер Луиза Рашитқызына «Үздік жас спортшы» сыйлығы берілді. «Үздік жас өнерпаз» бағытындағы аудан әкімінің сыйлығы «Қарадала» халық театрының жетекшісі Еркебұлан Нұржақыпқа табысталды. «Үздік жас мемлекеттік қызметкер» номинациясы негізінде аудан әкімі аппаратының бөлім басшысы Өмірсерік Үстембай, «Үздік жас ұстаз» бағыты бойынша М.Хамраев атындағы Шарын орта мектебінің мұғалімі Азиза Махидинова жеңімпаз атанды.

    Аудан әкімінің сыйлығын иеленген жастардың арасынан талантты актер Еркебұлан Нұржақып сөз сөйлеп, жыл бойы төккен тер мен еткен еңбекті елеп, осы арқылы жастарды жігерлендірген өңір басшысына және шараны ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.

    Жастар – еліміздің болашағы, ауданның өркендеуі мен дамуы жолында белсенді еңбек етіп жүрген алдыңғы қатарлы күш. Олардың бүгінгі талпынысы – ертеңгі күннің жетістігі. Осы тұрғыдан алғанда жастарға жігер берген шараның маңызы зор болды.

    Ақжол Ташкенов,

    Ұйғыр аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

    Ұсынымдар

    Өзен жағалауы тазартылды

    Өзен жағалауы тазартылды

    11 months ago
    Мереке қарсаңында еңбек ардагерлері марапатталды

    Мереке қарсаңында еңбек ардагерлері марапатталды

    2 years ago
    Ынтымақтастық  нығаяды

    Ынтымақтастық нығаяды

    4 months ago
    Үкімет пен әкімдер жұмыс істеу тәсілін өзгертсін – Президент

    Үкімет пен әкімдер жұмыс істеу тәсілін өзгертсін – Президент

    1 year ago
    Жыл мұғалімі атанды

    Жыл мұғалімі атанды

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.