-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Электр желілері жаңғыртылады

    30.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Энергетика
    «Құрылысшы» саяжайындағы электр желісі қала иелігіне өтеді
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

          Тығыз қоныстанған Қарасай ауданының тұрғындары үшін электрмен үздіксіз қамту – маңызды мәселе. Әсіресе ірі кәсіпорындар мен жылыжайлар орналасқан Елтай ауыл­дық округінде бұл жайт өзектілігін жоғалтқан жоқ. Электрмен қамтамасыз ету – бизнестің өркендеуіне, осы арқылы жалпы аудан экономикасының дамуына тікелей әсер етеді.

    Қарасай аудандық электр жүйесінің басшысы Айдар Оспановтың айтуынша, қазіргі туындап отырған қиындыққа – өңірдегі электр желілерінің 70 пайызға тозуы себеп. Бұл мәселені шешу бағытында «Көкөзек» қосалқы стансасы салынғанымен, энергетикалық қуаттың жетіспеушілігі әлі де байқалуда. Осыған байланысты Елтай ауылдық округінің Жармұхамбет ауылында жаңа қосалқы станса салу жобасының құжаттамасы әзірленіп жатыр. Сондай-ақ «Қарасай ауданының Елтай ауылындағы электр желілерін қайта құру» жобасының сметалық құжаттамасы жасалуда. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы өткен жылдың 7 маусымында алынған болатын. Жобаның жалпы құны – 273,371 млн теңге. Бүгінде бұл жобаға қажетті қаржы бөлінді. Елтай ауылындағы электр желілерін қайта құру жөніндегі құрылыс-монтаж жұмысы биыл аяқталады.
    – Тағы бір қиындық – аудан бойынша 2700-ден астам жеке трансформа­­тор­лық қосалқы станса (ТП) бар, алайда оларға талапқа сай қызмет көрсетілмейді, – деді Айдар Амантайұлы. – Мысалы, электр шаруашылықтарының жай-күйіне жауапты адамдар жоқ. Сондықтан апат болған жағдайда ақаудың орны мен себебін тез анықтау қиынға соғып отыр. Осы бағытта электр шаруашылықтарына жауапты мамандарды бекіту жұмысы жүргізілуде. Сондай-ақ ол аудан бойынша электрмен қамту сапасын арттыру үшін 44 трансформаторлық қосалқы станса ауыстырылғанын, оның ішінде 24 станса Қаскелең қаласында орналасқанын айта кетті. Электр желілерін жөндеу жұмысы жүргізіліп келеді. Ағаштарды санитарлық кесуге, сымдарды тартуға ерекше назар аударылады. Өткен жылы 155 ағаш бағанасы темір-бетон бағаналарына ауыстырылды, 436 ТП алдын ала жоспарлы жөндеуден өтті. Алдағы уақытта түрлі кернеудегі 135 шақырым желіні жөндеу бойынша да жұмыс жүргізілмек.
    Энергетикалық тапшылықты шешу үшін Көлді ауылындағы электр стансасын модернизациялау бойынша жобалық сметалық құжаттама әзірленуде. Ал Исаев ауылында «Көкөзек-2» қосалқы стансасын салу үшін жер учаскесі рәсімделуде. Сондай-ақ 13 елдімекеннің электр желілерін модернизациялау бойынша жобалық сметалық құжаттама әзірленген. Оған Қаскелең қаласы, Шамалған, Жандосов, Қайнар, Долан, Жамбыл, Көлащы, Тұрар, Ұлан, Жібек жолы, Береке, Жармұхамбет, Көкөзек ауылдары кіреді. Облыстық комиссияға жалпы сомасы 4,6 млрд теңге болатын бюджеттік өтінімдер тапсырылды.

    Қуат Қайранбаев

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Талғарлықтардың талабы тыңдалды

    Талғарлықтардың талабы тыңдалды

    2 years ago
    Қиындықпен шыңдалған

    Қиындықпен шыңдалған

    12 months ago
    ЖАСТАРҒА ЖАҢА ЖОЛ

    ЖАСТАРҒА ЖАҢА ЖОЛ

    1 month ago
    Қиналған жұртқа дем берді

    Су тасқынынан 85 мыңға жуық адам эвакуацияланды

    1 year ago
    Дәнекерлеуші Айман

    Дәнекерлеуші Айман

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.