-13 °c
Qonaev
Friday, May 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Елімізде 217 жайлы және 200 тірек мектеп желісі құрылуда

    28.01.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Денсаулық, Инфрақұрылым, Үкімет
    Алматы облысында 3 жаңа мектеп ашылды
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов білім, ғылым және денсаулық сақтау саласындағы негізгі жетістіктер мен жоспарларды атап өтті.

    Мәселен, 217 жайлы және 200 тірек мектептен тұратын үздік білім ошақтарының желісі құрылуда. Негізгі міндет – озық тәжірибені тарату арқылы еліміздің барлық жалпы білім беру мекемелерінде білім сапасын кезең-кезеңімен теңестіру.

    Сондай-ақ 2025 жылы кәсіптік-техникалық білім беруде басқа оқу орындары үшін негізгі ресурстық орталықтарға айналатын 10 технологиялық көшбасшы колледж құру жоспарланып отыр. Бүгінде Қазақстанда шетелдік университеттердің 23 филиалы жұмыс істеп жатыр, биыл тағы 11 филиал ашылады.

    Университет ғылымын дамыту және коммерцияландыру ісіне баса назар аударылуда. Мысалы, Сәтбаев университетінде Kazakhmys корпорациясының тапсырысы бойынша таза селен алудың жаңа тәсілі әзірленді. Ол медицина, электроника және басқа да жоғары технологиялық салаларда кеңінен қолданылуда. Назарбаев университетінің базасында тірек-қимыл жүйесі зақымданған адамдарды оңалтуға арналған экзоскелет өндірісі белсенді дамуда. Қажетті сертификаттарды алғаннан кейін өндіруші Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан тапсырыстармен қамтамасыз етіледі.

    «Медициналық қызметтер сапасы мен қамту деңгейін арттыру бағытында жұмыстар жалғасуда: бала шетінеуі 6,7%-ға, ана өлімі 11,4%-ға азайды. Ауруды ерте диагностикалау үшін скринингтік тексерулермен қамту деңгейі бір жылда 38%-ға жоғарылады. 2,8 млн адам онкологиялық скринингтен өтті. Нәтижесінде, қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім көрсеткішін 3,5%-ға төмендетуге қол жеткізілді», — деді Премьер-министр.

    Сондай-ақ қазақстандық ғалымдар онкологиялық ауруларды емдеуге арналған жаңа препарат жасап шығарды. Қазіргі уақытта клиникалық сынақтардың екінші кезеңі жүріп жатыр. Препарат жыл соңына дейін тіркеледі деп жоспарланған.

     

    Ұсынымдар

    Қонаевта тәулік ішінде орташа айлық жауын-шашын мөлшерінің жартысы жауды

    Қонаевта тәулік ішінде орташа айлық жауын-шашын мөлшерінің жартысы жауды

    1 year ago
    Елімізде көктемгі әскерге шақыру басталды

    Жастар неге әскерден жалтарады?

    3 months ago
    Ел үмітін ақтаған

    Ел үмітін ақтаған

    1 year ago
    Алматы облысында 38 медициналық мекеме салынады

    Алматы облысында 38 медициналық мекеме салынады

    2 years ago
    Мемлекет басшысы: Әділетті Қазақстанды адал азаматтар құрады

    Мемлекет басшысы Алматы облысына сапарлап келді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>